Пәннің мақсаты: Студенттерге жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы аясында сыныпта биологиялық тәжірибе қою техникасымен және әдістемесімен, оның ғылыми тәжірибеден ерекшелігімен таныстыру. Тәжірибелерді қою – оқушылардың тек білім сапасын ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыратын фактор болып табылады. Тәжірибелерді қою әдістемесі жаппай мектептер жағдайында және қарапайым құрал-жабдықтармен жүргізуге ұсынылған. Көптеген тәжірибелерді қою әдістемесін зерттеу кейін сол мектеп жағдайында қайсысын өткізу тиімді екенін анықтау мақсатында таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Пәннің міндеттері:
Студенттерді мектептегі биология курсында әр түрлі сыныптарда биологиялық тәжірибе қою техникасымен және әдістемесімен, оны дайындаудағы және өткізудегі ерекшеліктермен таныстыру.
Студенттерде мектепте биология курсындағы тақырыптар бойынша биологиялық тәжірибелер және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін экспериментальды икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Мектеп бағдарламасының нақты бөлімдері мен тақырыптарына сәйкес мектептегі биологиялық тәжірибелердің оқу-тәрбиелік міндеттерін анықтауды үйрету.