Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет17/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146
Тақырып бойынша не білемін?

Тақырып бойынша нені меңгердім?

Кескіндік үлгісі (сурет, сызба, т.б.)

















Негізгі түсініктер


Түсіндірмесі

Кескіндік үлгісі (сурет, сызба, т.б.)

1.



















Триггерлік суреттер

Әдебиет сабақтарында шығарма сюжетіне байланысты сурет көрсетіледі. Студенттер мазмұндайды. Жаңа сабаққа кіріспе кезінде де осы тәсіл тиімді. Мысалы, қазақ әдебиетінен «Бидай

мен қаңбақ» мысалын меңгерткенде, сабақ басында тақтаға егін, баланың, ересек адамның, сұрақ белгісінің суреттері салынады. Не көріп тұрсыңдар?

Мынау кімдер? Ол не туралы сұрап тұр деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қызығушылықтарын оятып, шығарманың мазмұнын меңгертудің минимумы орындалады.



Бұл тәсіл үй тапсырмасын тексергенде өте тиімді. Студенттерге үйде оқыған шығармаларының мазмұнын ашатын суреттер салып келу де

тапсырылады.

Соdоs)циоdоs)грамма



Социограмма (лат. societas - қоғам және грек. gr» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреуменa mma – сызық, жазбаша таңба, шек) - социометрикалық сауал нәтижесін өңдеудің тәсілдері мен амалдары. Оның нәтижесінде социоматрица құруға болады, ал ол назарды шоғырландыруға мүмкіндік беретін көрнекі құрал рөлін атқарады. Соның нәтижесінде неге көңіл аудару қажеттілігі анықталады, жетістіктер де нақты көрінеді.

Міне, осы социограмма тәсілін негізге ала отырып, сабақ басында мынадай жаттығу ұйымдастыруға болады:

☺тақырып немесе қарастырылатын мәселені хабарлау;

☺дәрісхананың бір қабырғасын «ноль пайыз» параметріне, оған параллель қабырғасын «жүз пайызға» сәйкес шартты түрде белгілеу;

☺қатысушылардан тақырып бойынша қай деңгейде тұрғанын, неше пайыз білетінін анықтау үшін 0-100 арасынан бір деңгейді таңдауын өтіну;

☺қатысушылар сызық бойынан өз деңгейлерін танытатын жерді таңдап, соған барып тұрады;

☺0-50% дейінгі жерді таңдағандарды орындарына отырғызу;

☺60-100% аралығын таңдағандардан сол тақырыпты топ мүшелеріне түсіндіріп беруін сұрау;

☺тақырып бойынша оқытушы өз толықтыруларын жасайды.

Бұл да - тақырыпқа енгізудің ерекше бір амалы және миға шабуыл жасалады. Қысқа уақыт аралығында білетіндерін ой елегінен өткізіп, рефлексия жасап үлгереді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет