Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет137/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі мақсаты білім алушының өзіне сенімділігін нығайта отырып, білім кеңстігіндегі басқа субъектілермен ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнатып, нәтижеге өзінің ізденуі арқылы жететіне сендіру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету/үйрену болып табылады.

Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары

☺ бірлескен әрекеттер арқылы үйрету/үйрену;

☺ үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;

☺ үйренушілерді белсенділікке баулып, олардың білімді меңгеру әрекеттерін тиімді ұйымдастыру;

☺ алған білімдерін өмірмен байланыстырып отыру;

☺ үйрету/үйренуді іс-тәжірибелік әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын мәселелерді шешу деп қарастыру;

☺ үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой- толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, мәселе шешуде өз жауабын табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау) және оны дәлелеуге үйрету;

☺ үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (барлығын ақиқат деп қабылдамай, күмәндану; ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу; өзіндік түсінікке ұмтылу; дәлелдер келтіру).



Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері

е Бірінші ереже. Дәрісхананы немесе кабинетті жұмысқа дайындау.

Дәрісхана (сынып бөлмесі, кабинет) үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер

олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет. Үстелдерді орналастырудың көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндігі болғаны абзал. Тиімді жұмыс жасау үшін қажетті құрал- жабдықтар (кеңсе тауарлары), флипчарттар, тақта, интербелсенді тақта немесе жылжымалы тақта болуы шарт. Сондай-ақ, шектеусіз интернеттің болуы сабақ тиімділігін арттырады, қолайлы жағдай тудырады.

е Екінші ереже. Шағын топтарға топтастыру.

Бұл мәселеде біраз пікір қайшылықтары кездеседі. Көбінесе «топқа бөлу» деген ұғым қолданылып жүр, ал енді бір пікірлерге сүйенетін болсақ,

«біз топқа бөліп, араға іріткі салмай, оларды керісінше біріктіріп, топтастыруымыз қажет» екен. Сол себепті де топты «шағын топқа топтастыру немесе біріктіру» деп алған жөн шығар. Сонда білім алушылар санасына да бөліну емес, бірігу болып ұялайтын болар.

Сонымен әр сабақта үйренушілерді шағын топтарға біріктіріп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Шағын топтарда 4-5 адам болғаны тиімді. 4 адам кейде сол шағын топта жұптық жұмыс жүргізіп жіберуге қолайлы болса, 5 адамның болуы пікірталас арқылы бір шешімге келуде, қатысушылар санының көптігін қажет етеін рөлдік ойындарда, т.б. жағдайларды қолайлы. Олардың партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырғаны және басқа топтарды да көретіндей етіп орналасқандары дұрыс.

оптастыру әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір білім алушы басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым- қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Шағын топқа біріктіруді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.

е Үшінші ереже. Мақсатты және күтілетін нәтижелерді айқындау. Әр сабақтың басында оқытушы түрлі болжау әдістерін (кроссенс,

терминдер арқылы болжау, қара жәшік) қолдана отырып немесе өзі баяндап қарастырылатын тақырып бойынша сабақтың тақырыбын айқындап, мақсатты үйренушілермен бірге қояды. Сонан соң олардан сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойлануға жетелейді.



е Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.

Сабақ басында жұмыс немесе топ ережелерін қабылдап, оларды әрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға тәрбиелейді. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут

талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын флипчартқа, плакатқа түрлі- түсті маркерлермен жазып, дәрісхананың көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады.

Ережелер сан қилы болуы мүмкін, мысалы, жұмыс регламенті, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Ол мынадай мазмұнда: «Біреудің сөзін бөлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді есепке алайық!». «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!», «Т ақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!»,

«Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!», «Топ мүддесі бәрінен де жоғары» т.с.с. болуы ықтимал.

Оқытушының міндеті - осы ережеден ауытқыған кезде естеріне түсіріп, ескертіп отыру



е Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Дәстүрлі оқытуға үйреніп қалғандықтан, білім алушылар бастапқы кезде өз беттерімен білімді меңгеруге енжер келеді және өз пікірін білдіруде ұяңдық танытады, бірден ашыла қоймайдй. Сол себепті де оларды психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Бастапқыда бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Мұның себептері:

☺ өзіне жүктелген жауапкершіліктен жүрексіну;

☺ оң нәтиженің шығатынына күмәндану;

☺ қатысушылар тарапынан сынға ұшыраудан қорқу;

☺ еріншектік пен шаршағандық (мысалы, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау, зерігу);

☺ назарын шоғырландыра алмау (үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу);

Үйренушілердің сабаққа бірден белсенді араласып кетуін ойсергектер (сергіту сәті, ширату) арқылы жүзеге асыруға болады. Сонда үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады.

Ойсергектер:

☺ жағымды психологиялық сезім/көңіл қалыптастыратын әрекеттер;

☺ логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер, жұмбақтар);

☺ көңіл көтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер;

☺ психологиялық тестер т үрінде болуы мүмкін.

е Алтыншы ереже. Барлық білім алушылар жұмысқа қатысуы тиіс.

Интербелсенді оқу шеңберінде өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене араласқаны абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені абзал. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.



е Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы қажет.

Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек. Бұл жерде сөйлеу, тыңдау мәдениеті сақталғаны абзал. Оны топ ережесінде көрсете кетуге де болады.

Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сөйлеуші, шешен, спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады. Топ пікірін қорғаушылар үнемі ауысып отыруы тиіс, сөйтіп қатысушылардың барлығын дерлік сабаққа қатыстыру қамтамасыз етіледі.

е Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.

Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың дамуы. Ал жазу (жазба жұмыстары)



  • ойлаудың шыңы. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН» тұрғысынан өзінің ішкі жандүниесін ашып, тролғанысын танытып, көзқарасын білдіре алады. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Жалпы тілдік пәндерде қолданылатын төрт дағдының бірі ретінде де жазу міндетті түрде жүзеге асуы тиіс.

Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары - білімді бағалаудың дәлелді нысаны.

е Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

Кері байланыс - сабақ соңында үйренушілерден алынатын пікір. Онда олар сабақтың тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі, өзінің нені үйренгендігі, топтық жұмыстың ұйымдастырылуы туралы айтуы мүмкін. Кері байланысты интербелсенді сбақтың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Олардың пікірлері мен қойған сұрақтары оқытушы тарапынан ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.Кері байланыс

ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады.Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.

Кері байланысты белгілі бір шаблонға түскен қызықты мазмұндағы дайын парақтарға жаздырған әлдеқайда тиімді. Мысалы, шығу парағы, бағдаршам, т.б. Кері байланыс беру арқылы үйренушілер өз әрекеттеріне рефлексия жасап та дағдыланады. Рефлексивті тұлға аналитикалық талдау жасай біледі деген сөз. Егер аналитикалық талдау жасай алса, өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып, өзін-өзі реттей алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет