Сын есім сөзжасамы Сөзжасамдық мағынаның құрылымы


Сын есімнің сөзжасаушы тәсілдері



бет3/8
Дата26.01.2023
өлшемі93,7 Kb.
#63151
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сын есімнің сөз жасамдық жұрнақтары

1.2 Сын есімнің сөзжасаушы тәсілдері

Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ - зат есімнен, жетілік, үштік (шам) — сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы — сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы — туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді — күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.


Қазiргi қазақ тiлiнде бiрде зат есiмнен зат есiм, бiрде зат есiмнен сын есiм туғызатын өнiмдi жұрнақтардың қатарына жататын -лық/-лiк, -дық/-дiк, -тық /-тiк аффиксi орыс тiлiнен енген сын есiм түбiрлерiне жалғанып, олардан қатыстық сын есiм жасайтын амал ретiнде 20-30-шы жылдары да ерекше кең қолданылады.
Мысалы, Қазақ тiлiнiң iрi заңдарының бiрi үндестiк заңы. .. Бiрақ бұ кезде ол ерiн үндестiгi жоғалуға бет алып барады (Жаңа мектеп. 1929. № 8)
Бұл аффикс “Дала уәлаяты” газетiнде бұл қызметте кездеспейдi. Газетте орыс тiлiнен енген сын есiмдер көп жағдайда сол тiлдегi қосымшалармен берiлген, бiрақ олардың әрдайым мужской род тұлғасы сақталады.
Отызыншы жылдары сын есiмдер сыр сын есiмдер (качественные прилагательные) және тек сын есiмдер (относительные прилагательные) деп екiге бөлiп қарастырып, қазақ тiлiне аударылып алынатын кiрме сөздердiң жалғауы -ский, -ская, -ское болып келсе, онда олардың тек түбiрiн алып, оған қазақ тiлiндегi -лық/-лiк, -дық/-дiк, -тық/-тiк сияқты қосымшалармен алынсын деген пiкiрлер кездеседi [8, 232].
А.Ысқақов өзінің 1974, 1991 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілінде” (морфология) –лық, -лік есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар қатарына жатқызады.
1) Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақтылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: Бұл араның жер жағдайын Асқар жақсы білетін еді. Сондықтан қала маңайының топографиялық схемасын жасауға, бекініс жерлерді дәл көрсетуге оның көп көмегі тиді (С.Мұқанов). Бірақ ауылдың кедейі әлі қараңғы, таптық санасы оянбаған (С.Мұқанов). Қашқындардан алған мүлікті партизандар екі жүйеге бөлді. Біреуі – алтын, күміс, я сол сықылды банктік қымбат заттар, асыл тастар; бұл жүйелі мүлік отрядтың штабының кассасына түсті. Екінші – киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ сықылды мүліктер; бұлардың ішінде қазынаға жарарлық өте бір қымбаттары болмаса, партизандар бөлісіп алды (С.Мұқанов).
2) Мезгіл атаулары мен әрқилы бұйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байланысты туынды сын есім жасайды. Мысалы: Көршілер шала туған жеті айлық баланы құрақ көрпеге орап, анасының ірге жағына салып берді де, үйлеріне кетті (Ә.Нұрпейісов).
3) Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жаққа қатыстылықты білдіретін туынды сын есімдер жасайды [20, 174]. Мысалы: Оған: жан-жағындағы барлық дүние соның аузын аңдығандай көрінді де тұрды (С.Мұқанов). – Уа, алашым, елім, мендік бір азамат жоқпысың, бар болсаң қайт!-деп топқа араласып, біраз далақтап еді, уысына бір жан түспей, сынаптай сытылды да кетті (С.Мұқанов). Саяси жұмысқа ертеден араласқанмен, Мадияр оншалық болжағыш адам емес еді (С.Мұқанов).
Әр сөз табының ерекшелігін танытатын өзіндік морфологиялық көрсеткіштері болады. Олар екі түрлі, бірі- сөз табының грамматикалық категорияларының көрсеткіштері, екіншісі- сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі де сын есімде бар. Сын есімнің шырай категориясы оны басқа сөз таптарынан ерекшелендіреді. Сын есімді танытатын екінші морфологиялық белгі - сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Сөзжасамдық жұрнақтардың өзіндік бір ерекшелігі-олар сөз табына байлаулы, әр сөз табының өзіне ғана тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Сөз таптары танылу үшін қойылатын синтаксистік ұстаным тұрғысынан келгенде, сын есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі-анықтауыш. Сын есім сөйлемнің баяндауышы қызметін де жиі атқарады, ал сын есімнің пысықтауыш қызметінде қолданылуы сиректеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет