2. Сын есімнің сөз жасамдық жұрнақтары
2.1 Сын есімнің синтетикалық сөзжасамы
Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрамы жағынан жалаң, құрандылары да бар. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары да түрлі-түрлі.
1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар
-ық, -ік: қорқак, толық, ашық, бұзық, жасық, жатық, ширақ, пысық
-уық, -уік: жылауық, сөйлеуік, сыбырлауық, қалтырауық
-қыш, -кіш: білгіш, тапқыш, күлдіргіш, сенгіш, байқағыш, ашуланғыш. Мәселен, Шапқыш ой ғой ақылдың мағынасы (Шәкәрім).
-мды, -мді: ұстамды, жағымды, шыдамды
-кақ, -кек: асқақ, тоңғақ, ұрысқақ.
-қыр, -гір: білгір, алғыр, өткір
-тал: сезімтал, ұғымтал, жұғымтал
-кы, -кі: жинақы, күлдіргі
-ғын: озғын. Мәселен, Әбіш орыс халқының озғын ойлы қауымына жақын жүргендей (М.Әуезов).
-қалақ, -келек: ұшқалақ, сасқалақ, қозғалақ
-аған, -еген: береген, алаған, көреген
-малы: айнымалы, елірмелі. Мәселен, Елірмелі екі есті шешен болды (Жанақ).
-ынды: жырынды. Мәселен, Жырынды жеңгелері үйреткен (Ж.Аймауытов).
-анақ: сұғанақ
-ғылықты: тұрғылықты, тыңғылықты
-мсақ, -мсек: сұрамсақ, тілемсек, жарамсақ
-паз: сезімпаз, келісімпаз, жасампаз
-ал: қатал (адам)
-дақ, -дек: жүрдек. Мәселен, Жегін атты ауыстырып отыру үшін, қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен (М.Әуезов).
-мыр: құймыр, қытымыр.
-міт: жеміт
-пы: салпы. Мәселен, Салпы ауыз тағы сөйледі (Ж.Аймауытов).
-көй, -гөй: қаскөй, ақылгөй.
-улы: қатулы, сұраулы.
2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ
-ық, -ік: ашық, тұнық, суық, жабық, жарық, қашық, шірік, ілік, жатық, бітік, құрғақ, кесек, дөңгелек
-ыңқы, -іңкі: жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, кебіңкі, бытыраңқы, түсіңкі
-ынды, -інді: құранды (зат), ағынды (су), жаттанды (сөз), жасырынды (іс)
-улы, -улі: жинаулы, оюлы, тыңдаулы, өлшеулі, үюлі, санаулы, құюлы. Мәселен, Ал десем де тәңірге, өлшеулі өмір бітпейді («Қобыланды батыр»).
-малы, -мелі: суырмалы, ашпалы, жаппалы, таңдамалы, құбылмалы, бүрмелі, аспалы
-ымды, -імді: ұтымды, ұнамды, жарасымды
-ғақ, -гек: тайғақ, оңғақ, жабысқақ, майысқақ
-ма, -ме: бояма, жалдама, жайылма, құрама, сырма, аспа, көшпе (құма), көмбе (нан), сілтеме (сөз)
-ыс, -іс: ұқсас, тіркес, алыс, беріс
-кір: өткір (пышақ)
-мыш: жазылмыш (уақыт)
-ғын: тұрғын (жайлар, үйлер)
-анақ: шұқанақ
-кілікті: жеткілікті. Мәселен, Жиған мал-мүлкі жеткілікті
-пек: өкпек (өтпек). Мәселен, Өкпек желі соқканда (Қ.Мұқатаев)
-ын: жатын, жегін. Мәселен, ... жегінаттыауыстырыпотыруүшін, бірнеше салт аталды (М.Әуезов). Жатын орнымыз кәдімгі сәкі.
Достарыңызбен бөлісу: |