айқындала түсетіндігі кәміл. Кейбір фольклоршылардың тарихи өлеңді белгілі оқиғалар негізіне кұрылған көлемді жырлармен бір топта қарап келгендігі де бұлардың жанрлық жігіне жете мән беріле қоймағандықтан болар... Өлең, жыр басылымдарына бұл екі топка тән нұсқалар қатар қосылып жүргені де осы айтылғанға байланысты. Шындап іздеген адам олардын көне ескерткіштерін сонау V-VIII ғaсырлардағы Орхон Енисей жазбаларынан да табар- еді. Одан кейінгі қарлұқ, оғыз-қыпшақ бірлестігі, Қарахандар, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ак Орда, дәуірлерінің де бірталай нақтылы оқиғалары тарихи өлең тудырған. Себебі: Әрбір дәуір оқиғаларының сарынын сақталған күйінде, тарихилық келбетінде жеткізу оңай емес. Орыс халықтарындай жүйелі топтаулар жоқ. Негізі себеп-қазақ халқы тарихының көп мәселелері анықталып, зерттеліп болмады. Архивтер ақтарылған, тың ашылмаған сыр жеткілікті екені дәлел.
Қаратаудың басынан көш келеді Кешкен сайын бір тайлақ бос келеді Карындастан айрылган жаман екен, Қара көзден мөлдіреп жас келеді,- Қай заман, мына заман, қысқа заман, Дәулет құсы басыңнан ұшқан заман. Аспаннан топырақ пен шаң борайды, Қаңтардағы күн суық қыстан жаман. "Қаратаудың басынан көш келеді" деген белгілі өлең, міне, дәл осындай тосын, қанды оқиғаның, халық мұңының суретін мейлінше анық аңғартады. Арада талай ғасырлар өтсе де, бұл өлеңнің