ерекшеліктері жайында революциядан бұрын түрлі ғалымдар,саяхатшылар әр кезеңде, алуан деңгейде пікір айтып келгені мәлім.Эпостану неғұрлым көбірек сөз болып,талдау тақырыбына айтылған кезі-совет заманы.Бұл дәуірде ауыз әдебиеті орта, жоғары дәрежелі мектептерде жүйелі түрде өтілуіне байланысты программалар,фольклоды оқыту жоспарлы іске айналды. Қазақ эпосының зерттелу тарихынан Ең алдымен,халқымыздың данышпан перзентінің қазақ поэзиясы мен аңыздарын өзге елдерге,орыс қауымдарына толық мәнінде түсіндіргісі,насихаттағысы келгені оның әрбір сөз саптауынан байқалып тұрады.Қазақ ауыз әдебиетін ол әлемге бұрыннан танылған елдердің әйгілі нұсқаларымен салыстыра отырып, үлкен, салдарлы қорытындыға келеді.Оның тағы да бір тағылымды тұжырымын келтірейік: “Егер жұрттың айтуымен Геродот жинаған Гомердің көркем өлеңдері мен аңыздарының аз да болса тарихи мәні бар десек, егерде өзгеріліп, мысал тәрізді боп кеткен аңыздардың негізінде оқиға, шындық жататын болса, қазақтың ата- бабаларының өмір-тұрмысын,әдет-ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып,ол халықтың осы күнгі мінез- құлқымен және олар жөніндегі тарихи нұсқалармен салыстырсақ,онда аңыздардың тарихи мәні болуының мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек”-дейді. Есет Жансая
Әсіресе Ш.Уәлихановтың қазақ,орыс халықтарының фольклорындағы кейбір жақындықты тауып көрсетуі өте маңызды.Еңбектерінің бірінде ол былай деп жазады:”Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, эпикалық жырлары мен аңыздардын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Европа халықтарындағы, әсіресе славяндардағы осы