«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау:Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.
Оқушылар мен ақылды–Ақнұрмын.Ақкөңілмін,тез ашуланам.
Топтастыру
2 түсті стикерлерді бір-бірден таңдап,бірдей түстілер бір топ болады.
Оқушылар стикерлердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді.
«Ой қозғау» әдісі
«Ата ана мен бала» бейне жазбадан көрсетемін.
Жетелеуші сұрақтары:
Мына бейне жазбадан не байқадыңдар?
Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?
Оқушылар бейне бойынша өз ойлаын ортаға салады.
Постер қорғау
«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығынан постер қорғау
Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша постер қорғайды
Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын»
Таратылған парақтарды толтыру
Жағымды қасиеттерім , Жағымсыз қасиеттерім
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазамыз.1.Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?
2.Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3.Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4.Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады.
Оқушылар өз бойларында бар жақсы және жаман қасиеттерін парақшаға жазады.