Сынып сағатының тақырыбы:
|
"Қайырымды көршіме рахмет!"
|
Сынып сағатының мақсаты:
|
Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату арқылы адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
|
Сынып сағатының міндеті:
|
-Мейірімділіктің, қайырымдылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
-Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
|
Бағалау критерийлері:
|
- Қонақ бөлме қонағымен сұқбат жүргізу барысында адамдық асыл
қасиеттерді игереді.
|
Сынып сағатының
түрі:
|
Қонақ бөлме
|
Игерілетін дағды:
|
Айтылым, жазылым
|
Ресурстар:
|
Флипчарттар, маркерлер, көрнекті суреттер, микрафон,
мультимедиялық құрылғы т.б.
|
Функциональдық сауаттылық:
|
Тұрмыстық сауаттылық
Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті
|
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
Соңы (бекіту)
|
Сынып іші «Қонақ күтетін бөлмеге» сәйкес безендірілген. Ортада қонаққа ыңғайлы отыру үшін жұмсақ кресло (диван) қойылған. Сынып жетекшісі жергілікті жерге танымал, мейірімді, қамқорлық жасаумен аты шыққан тұлғаны сыныпқа таныстырады.
Кеш жүргізушісі(сынып жетекші): - Жақсы сөз айту,жақсылық жасау- әрбір адамның міндеті. Әрине,жылдың әр күні мейірімді, қайырымды болуға тырысуымыз керек. Алайда,көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып,немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз.Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар-олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту-адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері-адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. (Қонақпен сұқбат жүргізіледі) Тапсырма №1
«Ашық микрафон» әдісімен ортаға оқушылар шығып, өздерінің алғыс айтқысы келетін адамдарын атайды, және не үшін алғыс айтқысы келетіндіктеріне тоқталады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |