Сынып жетекшісі: Сынып



бет43/44
Дата15.12.2022
өлшемі245,05 Kb.
#57503
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
тәрбие сағаттары жаңа

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының
тақырыбы:

«Отбасы тәрбие бастауы»

Сынып сағатының мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Бағалау критерийлері:

Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Сынып сағатының
түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», сөздері арқылы топқа бөлу
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
ІІ. Миға шабуыл (сұрақ - жауап)
Оқушыларға:
1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?
2. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беур?
3. Ұл мен қыздар жасына қарай қалай аталады?
4. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?
5. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?
6. Отбасының ұйытқысы кім?
7. Отбасының басшысы кім?
ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )
Оқушыларға сұрақ: 3 топқа кеспе қағаз беріледі.
1. Отбасы бақыты деген ол?
2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?
3. Бақыт дегеніміз не?
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.
ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі. Оз ойларын айтады.
V. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.
Сүйіспеншілік сипаты. Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.
Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет