Сынып жетекшісі: Сынып



бет41/44
Дата15.12.2022
өлшемі245,05 Kb.
#57503
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
тәрбие сағаттары жаңа

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының
тақырыбы:

Ибалы ұл, инабатты қыз

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылар адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір заңдылықтарын білу

Сынып сағатының міндеті:

оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата білуге үйрету;
-оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге баулу;

Бағалау критерийлері:

-. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және рухани білімін байыту
-ойын еркін,дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;



Сынып сағатының
түрі:

Әңгіме сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

нақыл сөздер,маркер, ватман ,интерактивті тақта, видео ;

Жүру барысын алдын ала үйлестіру


Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


Соңы (бекіту)

(Музыка ойнап тұрады.)
Орнымыздан қол ұстасып тұрайық
Бір-бірімізгі жылы жүзбен қарайық,
Бізге келсін нұр іздеген қуаныш.
Бүгінгі күнге бір-бірімізге сәттілік тілейік
Балалар,мен осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушыларымды көргеніме өте қуаныштымын.
Әр топқа сөз қиындысын таратамын. Топта «Ибалы ұл,инабатты қыз-өмір көркі» сөйлемді құрастырады. Ұлағатты сөздің мағынасын ашу

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады.Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке,қадірлі отағасы,елді қорғайтын ер,батыр,би,ақын,ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке,қайсарлыққа,кешірімді болуына,өнерге,білімге,салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала-қазақта шаңырақ иесі,ер-азамат ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.


Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі,алдын кесіп өтпеуі,үлкен тұрып кішінің,әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты,ауылдың көркі,береке-бірлік пен татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп,аялап,ардақтаудың арқасында,қазақ халқында ақыл-парасатымен ел билеп,ру-тайпа басқарған көсем,шешен,би,аты аңызға айналған батыр,әулие аналар,ел жұрты аттарын қадір тұтқан қасиетті,киелі әжелер көп болған.
ІІ. Мағынаны тану 7 минут топтарға тапсырма
Қыздарға Ұл баланың тәрбиесі қандай болу керек
Ұлдарға Қыз баланың тәрбиесі қандай болу керек тақырыпта постер құру
Қорғауға әр топқа 2 минут уақыт беріледі.
ІІІ. Ойланайық пікірлесейік. 4 минут
Ұлдарға сұрақ:
Қыздың көркі деп нені түсінесің? (ең бірінші мінезі,әдептілігі,әрине сыртқы келбеті)
Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?
Қызға қандай қылық жараспайды?
Қыздарға арнап мақал айт.(Қыз өссе елдің көркі. Таудың көркі тас,қыздың көркі шаш. Қызға қырық жерден тыю. Анаға қарап қыз өсер)
Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды?
Қыздарға сұрақ:
Ұлдарға қандай қылық жараспайды? (бұзақылық,сотқарлығы,кісіні сыйламайтыны)
Ұлдарға арнап мақал айт.
Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды?
Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
VІ. Видеоны көру және талқылау
V. Жағдаяттарды талдау
І топ 1.Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады.Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты.Самал жылап жіберді.
-Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
2 топ Әлия жүгіріп келе жатқанда Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді.Ыза болған Алия Ғалымды итеріп жіберді де, өзіңе де осы керек деді
Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?
3 топ .Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Бірақ оқушылар бір-біріне сілтеді . Қыздар бүгін ұлдар жуады, ал ұлдар қыздар жуады деп таласты. Сонда Сұлтан: -Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?!Мен бұл тапсырманы орындай алмаймын. – деді.
-Сұлтанның орнында болсаңдар , сендер не істеген болар едіңдер?
Сонымен балалар,бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет