Сыныбы:
|
Уақыты:
|
Сынып жетекшісі:
|
Сынып сағатының
тақырыбы:
|
«Ұлттық тәрбие ұлт болашағы»
|
Сынып сағатының мақсаты:
|
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
|
Сынып сағатының міндеті:
|
1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен дінін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийлері:
|
Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.
|
Сынып сағатының
түрі:
|
Тәрбие сағаты
|
Игерілетін дағды:
|
Айтылым, жазылым
|
Ресурстар:
|
|
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
Соңы (бекіту)
|
Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.
Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .
Ұлттық тәрбие:
1. «Отбасындағы ұлттық тәрбие»
2. «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,
3. «Мектептегі ұлттық тәрбие» деп бөліп талқыланады.
Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Кері байланыс: «Адасқан әріптер» оқушылардың жеке-жеке ойы тыңдалады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |