Сыныбы:
|
Уақыты:
|
Сынып жетекшісі:
|
Сынып сағатының
тақырыбы:
|
Адамгершілік шуағы сөнбесін
|
Сынып сағатының мақсаты:
|
Оқушылардың бойына қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған өткір мәселелердің рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
|
Сынып сағатының міндеті:
|
Оқушылардың қоршаған ортаға,айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және ізгі қасиеттерді түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
|
Бағалау критерийлері:
|
Оқушыларды ұлттық тәрбиеде үлкенге құрмет,кішіге қамқор,қайырымдылық,мейірімділік,ізеттілік,әдептілік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
Сынып сағатының
түрі:
|
сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,іздендіру.
|
Игерілетін дағды:
|
Айтылым, жазылым
|
Ресурстар:
|
АКТ,үнтаспа,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, қима қағаздар,суреттер.
|
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі
Соңы (бекіту)
|
І.Қызығушылығын ояту
1.Психологиялық ахуал: ( суреттер бала күліп тұр, ренжіген бала, жылап отырған бала, соғыс, дауыл, су тасқыны т.с.с )
-Балалар, экраннан өздеріңе ұнамаған суреттерді алып тастайық.
-Енді осындай жақсы көңіл күймен тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2.Топқа бөлу. 4 топқа бөлінеді. ( Мейірімділік ,қарапайымдылық,имандылық,білімді)
(Ой қозғау)
(Слайдта жүрек суреті мен дыбыс)
-Балалар,бұл естіп тұрғандарың не деп ойлайсындар?
-Жүрек.
-Жүрек соғып тұр деген не ?
-Тіршіліктің бар екендігінің белгісі.
-Бұл өмірде адамдардың жүрегі кім үшін соғады?
-Ең жақын адамдар үшін.
-Біздің жүрегіміз неге толы болу керек?
-Мейірімділік,адалдық,еңбекқорлық,имандылық т.б жақсы қасиеттерге толы болу керек.
-Осы айтылған сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады?
-Адамгершілік.
Мұғалім: -Олай болса,бүгінгі тәрбие сағатымызды «Адамгершілік шуағы сөнбесін» тақырыбында ой өрбітеміз.
АКТ-дан( суреттер апаға көмектескен, жолдан өтуіне, құстың сынған қанатын орап жатыр,жоғалған балаға көмектесіп тұр, зағип адамды,коляска да отырған адамға көмек,т.с .с) көрсету.
-Ең алдымен суреттерді көріңдер де ойланып «Адамгершілік»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Мағынаны тану.
Енді осы ойымызды одан әрі өрбіту үшін “Жақсылық жасау ,бәріміздің қолымыздан келеді” бейнефильмді көрейік.
Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Топтарға шығармашылық тапсырма:
1-топ. “Қуаныш сыйла бір жанға” сахналық көрініс.
2-топ. Бейнефильмді талдау
3-топ. Мені толғандырған бір ой.
ІV.Танымдық ойын: «Адамгершілік шуағы сөнбесін» (Жанып турған балауыз шамды тезірек бір -біріне беру)
-Міне балалар,әр адамның көңілі,әр адамның өмірі осы жанған балауыз шам деп есептесек,қасымыздағы жақындарымызды ренжітіп алмау үлкен жауапкершілікті,үлкен жақсылық пен қамқорлықты қажет етеді.Бір жерден мүлт кетсек адам көңіліне қаяу түседі.Сол себепті де сен деп соққан жүректі аялай білу керек.
V. Постер құру
|
Достарыңызбен бөлісу: |