Радиотехника дамуының алғашқы кезеңінде радиобайланысты түсіндіруде «сымсыз» (wireless) термині қолданылған, яғни дерек- терді сымсыз тасымалдайтын жағдайларға қатысты пайдаланыл- ған. Wi-Fi (ағыл. Wireless Fidelity – сымсыз дәлдік) технологиясы – қазіргі таңда болашағы зор технологиялардың бірі. Алғашында Wi-Fi құрылғысы дәстүрлі кабельдік желілер- дің орнына қолданылатын. Кабельдік желілерді құру қиын болған жерлерге уақытша желі ретінде сымсыз желілер пайдаланылған (1-сурет). Мысалы, көрме мен конференция сияқты іс-шара өтетін ғимараттарда кабельдік желі болмаған жағдайда сымсыз желі орнатылған. Кейіннен дәмхана, қонақүй, әуежай сияқты көпшілік жиналатын орындарда келушілердің интернет пайдалануы үшін, сымсыз желі жаппай енгізіле бастады.