Сынып Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі


Сымсыз байланыс арналарының түрлері



бет3/7
Дата16.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#50626
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ШТ41 ЕРМА АМРЕ семинары конспекты

Сымсыз байланыс арналарының түрлері:

    • радиобайланыс 100 м қашықтыққа таралады (жылдамдығы 11–54 Мбит/с, сигнал бірден бірнеше жиілікте беріледі);

    • қысқатолқынды (инфрақызыл сәулелену, жылдамдығы 5–10 Мбит/с, кең жолақты және спутниктік байланыс);

    • инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с, когерентті жарық сәулелері арқылы беріледі).



Артықшылығы: кабельдердің қолданылмауы, ноутбукпен жұмыс істеудің қолайлылығы, байланыстың үлкен аумақты қамтуы.
Кемшілігі: басқа радиожиіліктермен сәйкессіздігі, деректер ал- масуда ақпараттың сыртқы кедергілерден әлсіз қорғалғандығы.


Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі топология деп аталады.
Желілер топологиясы




Шина желі топологиясы. Мұнда негізгі байланыс ретінде бір ғана кабель қолданылады. Осы кабельге жеке-жеке бірнеше компьютер жалғанады. Шина ретінде коаксиалды кабельдер қолданылады. Желінің құрылысы қарапайым, алайда мұндай желінің кемшілігі – шинаның бір жері үзілсе, компьютерлер өзара байланысын жоғалтады.
Сақина тәріздес желі топологиясы бірбіріне тізбектеліп жалғанып, жабық шеңбер құрайтын бірнеше компьютерден тұрады. Желіде сигналдар бір бағытта беріледі. Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп, өзінен кейінгі компьютерге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым. Кемшілігі – желідегі компьютердің біреуі істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.
Жұлдыз желі топологиясы. Желіні бұлай ұйымдастыруда компьютерлер бір-біріне тікелей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер) жалғану арқылы байланысады. Желідегі бір компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жалғау арзан әрі тиімді. «Жұлдыз» желі топологиясы – бүгінде ең көп қолданылатын әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет