Концентратор- коммутатор мен маршрутизатормен салыстырғанда желідегі ең қарапайым және арзан құрылғы. Барлық деректер концентратордың бір портына келіп түсіп, қалған порттарға таратылады. Осылайша, бір концентраторға қосылған барлық компьютер желіде бір-бірін көріп отырады.
Коммутатордың (switch немесе қосқыш) қызметі концен- тратор қызметіне ұқсас. Ерекшелігі – желіде таратылатын әр дерек пакетінде адресат пен дереккөздің MAC-мекенжайлары болуында. Коммутатор, порттарына жалғанған әр компьютер мекенжайын «еске сақтап алып», реттеуші қызмет атқарып – деректерді тек адресат компьютеріне ғана жібереді. Бұл желінің өнімділігін арттырады, себебі қажет емес пакеттер жоқ және желінің өткізгіштік қабілеті ұлғаяды.
Маршрутизатор (router) – деректер пакетін тарату үшін екі не одан да көп желілерді байланыстыратын «ақылды» құрылғы. Маршрутизатор коммутатормен салыстырғанда күр- делі әрі қымбат желілік құрылғы болып табылады. Ол желілік трафикті бақылау, желідегі өзгерістерді жылдам анықтау және қажетті пакеттерді өткізіп, қажетсіз пакеттерді блоктау қыз- меттерін атқарады.
Коммутатор мен маршрутизатор айырмашылығын көрсе- тетін мысал – корпорацияның пошталық сервері. Қызметкер хатты жібергенде, хат адресатқа компанияның поштаны ішкі жеткізу жүйесі немесе жергілікті пошта бөлімшесі (егер хат алушы компаниядан тыс болса) арқылы жеткізілуі мүмкін. Мұнда коммутатор – компанияның ішкі сервері, ал маршрути- затор жергілікті пошта бөлімшесі ретінде көрінеді.