Сынып Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі



бет6/7
Дата16.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#50626
1   2   3   4   5   6   7
Компьютерлік желі – бір-бірімен дерек алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Компьютерлік желілер, оларды қамтитын аумаққа байланысты жергілікті (LAN – Local Area Network) және ауқымды (WAN – World Area Network) желі болып бөлінеді (1-сурет).
Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, деректер алмасуға немесе ортақ деректерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, он да осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орын ды болады.
Ауқымды желі - жүздеген және мыңдаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалык немесе салалык компьютер желiлерi. Кез келген компью терді олардың орналасқан географиялық мекенжайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Желідегі компьютер екі қызмет атқара алуы мүмкін:


1. Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұл компьютер
жұмыс станциясы деп аталады.
2. Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және
сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
Компьютерлік желі негізгі аппараттық және программалық
компоненттерден құрастырылып, компоненттердің өзара келі- сімді әрекеттесуі арқылы қызмет етеді (2-сурет).


Негізгі аппараттық компоненттер:
• абоненттік жүйелер – компьютерлер (жұмыс станциялары немесе серверлер), принтерлер, сканерлер, т.с.с.Олардың айырмашылығы: жергілікті желі компьютерлер арасында мәліметтер жеткізсе, ауқымды желі жүздеген және
• желілік компоненттер – концентратор (хаб), коммутатор және маршрутизатор.
• байланыс арналары – сымдар, қосқыш ұяшықтар, сымсыз технологиялар арқылы деректер жіберу және қабылдау құрылғылары.
Негізгі желілік программалық компоненттер:
• желілік операциялық жүйелер – Windows NT, Windows NT Server, Windows for Workgroups, LANtastic, NetWare, Unix, Linux және т.б.
• желілік программалық жабдықтар – желі клиенті, желілік адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі.
Компьютерлік желідегі желілік компоненттер желінің негізгі құрауыштары болып табылады. Олардың әрқайсысы маңызды және желілік компьютерлер арасындағы байла- нысты оңтайландыруда әртүрлі қызмет атқарады. Сырт келбеті бойынша бұл құрылғылар ұқсас болып келеді (3-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет