Сынып сағатының тақырыбы: Зерде танымдық ойын Мақсаты



Дата13.06.2023
өлшемі22,03 Kb.
#101049

Сынып сағатының тақырыбы: Зерде танымдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың жан — жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)
2. Кіріспе бөлім.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Мұғалім: Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе — бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,
Мұғалім: Енді сайыскерлерімізді қошеметтеп қояйық. «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы «Қыран» тобы
1 жүргізуші: Бөлімдермен таныстырып өтейін:
1 кезең — «Білімді болсаң, бақ сына?»
2кезең -«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
3 кезең -«Шым-шытырық сұрақтар»


1 кезең.  «Білімді болсаң, бақ сына»
Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік
-Бұл кезеңде пән бойынша білім деңгейлерін тексереміз. Яғни математика пәні бойынша.


Алғырлар тобына:
1. 29-18=9
2. Алмұрт 9, алма одан 2-еуі кем. Барлығы неше жеміс? ( 16 )
3. 1асырда неше жыл бар? (100 жыл)
4. 2 апта 2 күн неше күнге тең? (16)
5.Сенде барлығы 80 теңге. Оның 25 теңгесіне дәптер, 15 теңгесіне қалам алдың. Сенде қанша теңге қалды? (40)
6. 45+32= 77
7. 1 жұмыртқа 2 минутта піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (2 минутта)


Тапқырлар тобына:
1.49— 27=22
2. Құлпынай 13, шие одан 10-ы артық. Барлығы қанша жеміс болды? (36)
3. 1ц неше кг бар? (100 кг)
4. 1 сағ 20 минут неше минутқа тең? (80минут)
5. Айнұрда 15 кітап, 12 қалам және 3 сызғыш бар. Айнұрда барлығы неше құрал бар? (30)
6. 24+32= 56
7. Ағашта 12 торғай отыр еді. Аңшы оның 4-еуін атып алды. Нешеуі қалды? (8)


Қыран тобына:
1.36-25=11
2.Картоп 15,пияз одан 10 артық.Барлығы қанша көкөніс болды?(40)
3.1 дм неше см ? (10см)
4.1 минутта неше секунд? (60 секунд)
5.Арманда 20 шахмат,10 дойбы,5 тоғызқұмалақ ойыны бар.Арманда барлығы қанша ойын бар? (35)
6. 52+24= 76
7.Қаз екі аяқпен салмағы 5 кг ,ал бір аяқпен салмағы қанша болады?


Мұғалім:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
Олай болса, қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді тексерейік.
Алғырлар тобына:

  1. Сұраулы сөйлемге мысал келтір.

  2. «Қалам» сөзі қандай дауыстылардан құралған? (жуан)

  3. «Аңшылықтың» сөзінде неше буын бар? (4 буын)

  4. Еңбек туралы бір мақал айт.

  5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді, ата. (2-ге, жуан, жіңішке)

  6. Й қандай дыбыс

Тапқырлар тобына:

  1. Хабарлы сөйлемге мысал келтір.

  2. Қ, к, т, с әріптері қандай дауыссыздар? (қатаң)

  3. «Қанаттан» сөзінде неше буын бар? (3 буын)

  4. Оқу, білім туралы мақал айт.

  5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, оларды ата. (3-ке, ұяң, үнді, қатаң)

  6. Мәтіннің неше түрі бар? (Пайымдау ,сипаттау,әңгімелеу.)

Қыран тобына:
1.Лепті сөйлемге мысал келтір.
2.б,в,г,ғ,д қандай дауыссыздар?( ұяң)
3.Қазақстан сөзінде неше буын? (3 буын)
4.Достық туралы мақал айт.
5.Сөзде қанша буын болатынын қайдан анықтауға болады?
6.Жуан дауыстыларды атаңдар.


3- кезең «Шым-шытырық сұрақтар»
«Алғырлар» тобына:

  1. Жердің пішіні қандай? (дөңгелек, шар тәрізді)

  2. Бір жылда неше мезгіл, неше ай бар? (4мезгіл, 12 ай бар)

  3. Қойдың төлі (қошақан)

  4. ҚР рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран)

«Тапқырлар» тобына

  1. 7 күнді не дейміз? (апта)

  2. Білім ұясы? (мектеп)

  3. Түн ұйқысын төрт бөлген адам кім? (ана)

  4. Жұлдыздар қай кезде пайда болады? (түнде)

 Қыран тобына:

  1. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (Әже)

  2. Тудың түсі қандай? (Көгілдір)

  3. Қасиетті тағам (нан)

  4. Мемлекетіміз қалай аталады?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет