Жанаматолықтауыштың пішінін айтып өту, мағыналарын морфологиядан қайталауға тапсырма беру — барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктерінің бірінде тұрған немесе туралы, жөнінде, жайында деген септік шылаулармен айтылатын толықтауыштар. Жанама толықтауыш сабақты және салт етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтырады. Субъектінің қимыл-әрекетін, күйін білдіретін етістіктер. барыс септігінде келіп, іс-қимылдың кімге, неге арналғанын, бағытталғанын білдіреді: Батырға таяқ, та жарақ, (мақал);
барыс септігінде келіп, іс-әрекетке, санаға катысты объектілерді білдіреді: Білгенге жол бос (Абай), Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша ("Жалғыз арша");
шығыс септігінде келіп, заттың тегін, іс-әрекеттің шығу объектісін, тегін білдіреді. Тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин), Сөйлеуден қашты;
көмектес септігінде келіп, іс-әрекетке бірлестікті, ортақтықты білдіреді: Тау тасымен көрікті, ел жасымен көрікті (мақал);
жатыс септігінде келіп, кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің, сапанын затқа тән екендігін білдіреді: Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, (Абай).