Меңгеріле байланысатын етісті сөз тіркестері Меңгерілетін сөздер — есімдер. Олардың белгілі жалғауда жұмса-луының екі жағы бар: біріншіден, олар етістіктермен сабақтаса, орайласа байланысса, екіншіден, сол байланыс нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мысалы, Нұржан Меруертке ажырая қарады дегендегі меңгеріле байланысқан сөз тіркесі — Меруертке қарады. Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөз-дің тұлғасына қарай былай бөлінеді:
1) табыс жалғаулы. сөз тіркес-тері; Ол Жақыпты ертіп үйге кірді (Мұстафин). Жұмагұл Абайды тани берді (Әуезов).
2) барыс жалғаулы сөз тіркестері; Барыс жалғауының мағынасы, әдетте, шығыс жалғауына қарсы болады, мыс.: үйге кірді, үйден шықты; Есеннен алды, Ерболға берді 3) шығыс жалғаулы сөз тір-кестері; Өнер білім бар жұрттар Т а с т ан сарай с а л ғ ы з д ы (Алтынсарин).
4) жатыс жалғаулы сөз тіркестері; Оның бұл қылықтары Гүлнарға алғашқы кезде ұнамады (Мұқанов). Олар Омбы қаласына іңір қараңғысында келіп кірді (Мүсірепов)
5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Мысалы: отпен ойнау, сумен жуу, іспен жауап беру, білгіштігімен аты шығу.
37. Жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Сөйлем мүшелері құрылымдық-семантикалық функциялары бойынша ерекшеленетін және формальды және семантикалық белгілердің барлық жиынтығымен ерекшеленетін сөйлемдер.Сөйлем мүшелері келесіге бөлінеді:
1. Тұрлаулы.
2. Тұрлаусыз.
Бұрынғы грамматикалардағы бір сөзбен тұрлаусыз мүшелер делініп жүрген сөйлем мүшелері жаңа грамматикада айқындауыш деп аталған. Өйткені, бұл мүшелердің өзгешелігі тұрлаулы-тұрлаусыздығында емес, басқа жағында. Бұларды А. Байтұрсыновтың «Тіл құралында» анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деген үш тапқа айырып, үш түрлі терминмен атайтын. Т. Шонановтың кітаптарында олай үшке айырмай, екі ғана жікке айырып, бірін анықтауыш, екіншісін толықтауыш деп өте шыққан. А. Байтұрсыновтың толықтауыш, пысықтауыш деп екі жікке айырғанын Т. Шонанов айырмай, бір-ақ топқа иіріп, бір-ақ толықтауыш деген терминмен атайды. Біздің граматикамызда бұлардың қанша жікке айырылатындығын жоғарғы кластарға қалдыра тұрып, алдымен бәрін қосып, бір-ақ сөзбен «айқындауыш» деп аталған. Кәне, неліктен бұларды әр жазушы әр түрлі атап жүр? Неліктен біз, бұрынғыларша жіктемей бөлек кеттік? Оның себебі болды. Бұлар өзара нешеу болса да, бәрінің арасында бір жақындық бар. Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің іргесі. Сол екеуі сөйлем болмайтынды сөйлем болдыру үшін керек. Ал мыналардың қай-қайсысы да сөйлем болмай тұрған сөздерді сөйлем болдыру үшін емес, сөйлем болып тұрған сөз тіркестерінің үстіне жамалып, бастауыш пен баяндауыштың мағыналарын бұрынғыдан гөрі ашығырақ, айқынырақ аңғарту үшін керек. Тұрлаусыз мҥшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады. Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Сөйлем мүшелері туралы 193640 жылдар шамасында жазылған материалдар назар аударарлық. Ол кезде бұл тақырыптағы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Бəйтенов, Х. Басымов, С. Аманжолов, Ə. Ермеков, М. Балақаев еңбектерін атай аламыз. Оларда сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз болып қойған жоқ, олардың қалыптасу, тұрақтану мəселесіне көбірек назар аударылды. Мəселен, 1938 жылы Х. Басымов: «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мəселенің бірі – осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір білдірді.Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым – А. Байтұрсынов. Автордың 1924 жылы Орынборда басылып шыққан «Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мəселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Қ. Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен бұрынғы автор-ларды сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық ерекшелікке тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүшелерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады. Яғни сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс тіл білімі мамандарының топтауы негізіндегі айқындауыш деп атағанды жөн көреді. Бұдан əрі автор сөйлем мүшелерін топтауда септік жалғаулы сөздердің барлығын, тіпті ілік жалғауды сөздерді де, толықтауышқа қосып жібергенін байқауға болады. Автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді пысықтауышқа қосуының негізгі себебі, олардың мағыналық жағын еске алғандықтан емес, тек тұлғалық, яғни анықтауыштық тұлғалы сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып отыр. Оған қоса септік жалғаулы сөздерді толықтауышқа қосумен бірге, кейде ілік, кейде басқа септік жалғаулы сөздердің түсіріліп айтылуын толықтауыш деп біледі.Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы С. Аманжолов та арнайы тоқталды. Автор мақаласында сөйлеммүшелерін ескі жəне жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А. Байтұрсыновтың тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген жіктеуін сынға алады. Қ. Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп С. Аманжолов: а) тұрлаусыз сөйлем мүшелері атының көптігіне, ə) анықтауыш, толықтауыш жəне пысықтауыштардың сұраулары мен анықтамаларының араласып келуіне, б) оларды бірбірінен айыруда ғылыми негіздің жоқ екеніне байланысты дəйек айтып, сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш жəне анықтауыш деп үшке бөледі.Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жіктеуі ғылыми жағынан алғанда бірізді. Екеуі де бастауыш, баяндауышты негізгі сөйлем мүшелері дейді де, тұрлаулы сөйлем мүшелері деген терминді қолданудан шығарып тастайды. Қ. Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп атаса, С. Аманжолов анықтауыш деп пайдаланғанын көреміз. Бірақ олардың аттары бөлек болғанымен, ішкі ерекшеліктері бірдей. Екеуі де тұрлаусыз сөйлем мүшелерін толықтауыш жəне анықтауыш деп топтастырып, оларды тек тұлғалық жағынан қарастырумен шектелген. Өзге ғалымдар да (Х. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Балақаев) сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақалалар мен оқулықтар жазды. Бірақ бұл ғалымдар сөйлем мүшелерінің жіктелуіне назар аудармайды. Көбіне олардың жасалу жолына ғана тоқталады. Х. Басымов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қазіргіше анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген . І. Бəйтенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталсада оның жіктелуіне көңіл бөлмейді. Көбіне сөйлем мүшесіне қойылатын сұрақтар, олардың қай сөйлем мүшесіне тəн, тəн еместігі туралы айтады Сөйлем мүшелері туралы біраз мағлұматты М. Балақаев еңбектерінен ала аламыз. Автор сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп жіктеп, əрқайсысына жекежеке мақалалар жазды. Оны жоғары оқу орындарына арналған оқулық дəрежесіне дейін дамыта білді.