Атаулы сөйлем – жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы мен мағынасы жағынан жай сөйлемнің бірде-бір түріне ұқсамайды:
А) атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды, басқаша айтқанда оған ұйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп тап басып айтуға келмейді.
Ә) атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құбылысты, болмысты атап қана көрсетеді,онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті болмайды. Солай бола тұрса да, атаулы сөйлемде интонация,оқиғаның , құбылыстың шындық өмірге , шаққа қатысты сияяқты сөйлемге тән айрықша белгілері болады. Мысалы: Дала.Егін даласы. Егін даласы рахат құшағында.(Әбішев)Алғашқы екі сөйлемнің айтылу әуені соңғы сөйлемнің айтылу әуенінен басқаша екені анық сезімді. «Дала.» дегендегі атаулы сөйлем қалпындағы айтылуын оның бастауыш не баяндауыш қызметін атқарып тұрғандығымен немесе диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің баяндауышы болып тұрған қалпымен салыстырсақ, дауыс әуенінде өзгешелік байқалады
Атаулы сөйлем болу үшін ол сөздің не сөз тіркесінің әңгімеленбекші болып отырған оқиғаға , шындық болмысқа қатысы болуы керек. Мысалы: Түн. Бұлт астында қалқыған ай. Жай басып Төлеп келеді. (С.Ерубаев)
Атаулы сөйлем құрылысы, құрамы жағынан жай сөйлемнің басқа түрлері сияқты жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Мысалы: Кеш. Ел орынға отырып, үйлерге шам жағылды.(І.Жансүгіров) 9 май. Таң мезгілі.Жараланған солдаттардың арасында отырмын. (Лекеров) Әдемі, бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи жібек түстеніп , аспанның батыс жағы сары қызыл тартты(І.Жансүгіров) Бұл мысалдардағы кеш, 9 май, таң мезгілі дегендер жалаң атаулы сөйлемдер де, әдемі бір қоғыр кеш деген құрамында анықтауышы бар(әдемі,бір қоңыр) жайылма атаулы сөйлем.
Атаулы сөйлемнің жасалуы.
Атаулы сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз-негізінде зат есім. Ол әрқашан атау септік формада айтылады.
есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байланысып , тәуелдік формада тұрады.
Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен боалды.