61. Қиыса байланысқан сөз тіркестері туралы баяндаңыз Қиысу — синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрі, сөйлемдегі бағыныңқы мүше басыңкы мүшенің грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланып байланысады. Қиысу сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың арасын байланыстырады. Бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғаулары арқылы не жіктелу ретімен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп байланысады. Мысалы: Мен айттым — сен айттың — ол айтты. Біздер айттық — сіздер айттыңыздар — олар айтты.
Қиыса байланысқан сөздердің бірінші компоненті қай жақта тұрса, екінші компоненті де сол жақта болып келеді, ал бірініші компоненті жекеше немесе көпше тұлғада келсе, екінші компоненті де сондай тұлғада болады.
Қолданбалы тіл білімі (орыс. прикладное языкознание) — тілге байланысты практикалық мәселелерді шешу әдістерімен шұғылданатын тіл біліміндегі бағыт.
1)жіктік жалғауы Мен жазушымын
2)интонация арқылы Сен баласың.
3)бастауыш пен баяндауыш байланысуы Мұрат-ақын
62. Бір сөздің қайталануы арқылы құрылған сөз тіркестері туралы баяндаңыз Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде бастауыш пен баяндауыш арасында болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай әр түрлі жақтарда жәие дара, көпше түрде бола береді. Әсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз олардың кай сөз таптарынан болуына қарай былай топ көрсетеміз.
1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нольдік, тәуелдік формадағы зат есімдер болады.
а) Бастауышы нольдік формада келуі: Тегі Енесей Енесей ғана бола
алса керек (Ғ.Мүсірепов). Малсыз күй күй болмайды. (М.Қамбаров).
Бәйгесіз той той ма? (М.Қаназов). Жақсы жерге түскен келін келін,
жаман жерге түскен келін келсап дейді ғой қазақ («Қазақ әдебиеті).
ә) Бастауышы тәуелді формада келуі: қарғыс атқан басы да бас емес, қолы да қол емес (Ә.Нүрпейісов). Әйтпесе, жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі іс пе? (Жүлдыз). -Не айтайын, шырағым, не айтайын... - дегеннен басқа Күңше де еш нәрсе айта алмады. Уәдеміз -уәде (Ғ.Мүсірепов).
б) Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосарлануы арқылы келе
береді. Мысалы: Күнә, екені күнә, бірақ қылмыс емес (Д.Досжанов).
Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің баяндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш болатын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада дакле береді, кейде бастауыш жеке-дара болғанымен сол сөздің қайталану арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылыкеле береді. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дәлелді түрде көрсетсе керек.
Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тәуірі-тәуір (М.Қаназов).
Қызылы-қызыл, жасылы-жасыл болып кесіліп жатыр (Д.Досданов).
Бетінің қызыл күреңденгені қызыл күреңденген бе? (Қазақ әдебиеті).
Есімдік пен есімдік тіркесі. Өзгесі өзге еді, бүгінгі қылығын не
деп дәріптейді (М.Сқақаов). Басқасы басқа, ал, Әбекеңді ойландырған
қатаң сөгіс те емес, ақшаның табылуы да емес, тіпті басқа нәрсе, сол
сейфке ақшаның баруы еді. («Беласқан»).
Менікі де менікі.
Сенікі де менікі («Маржан сөз»). Сол сол-ақ екен. Темір әскерінің ұғын шеті қиқуласып, аш қасқырша ілгері ұмтылысты (М.Сқақаов). Әй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін естісеңші («Қазак әдебиеті»).
Етістік пен етістіктің тіркесі. Мынау көргені - көрген емес
(М.Әуезов). Жоқ, оны жасамайды. Осы тоқтаганы тоқтаган
(«Жүлдыз»). Көзден бұлбұл ұшқаны ұшқаны — аң шығар (М.Қаназов). —
Айтқаны айтқан (Ж.Молдағалиев).
Үстеу мен үстеудің тіркесі. Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе
жол болсын (Беласқан). Жүрт бұрынғы бұрынғы ма, енді Жаулыбай
Ақсынды менсінбей тастап кетіпті