Синтаксис терминінің мағынасын анықтап, оның салалары мен зерттеу мәселелерін баяндаңыз


Бір негізді сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз



бет22/38
Дата26.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#143617
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Емтихан сұрақтары Синтаксис-1

58. Бір негізді сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Бір құрамды сөйлем ( орыс. односоставное предложение - бір ғана предикативтік бас мүшелі құрылымда келіп, мағынасы екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем. Бір құрамды сөйлемде тірек болатын бас мүшені бастауыш не баяндауыш деп апырып қарауға келмейді. Субъекті мен предикаттың мәні біртүтас болғандықтан, олар сөйлемнің субъект-предикаттық сипаты бар бір-ақ мүшесі, яғни бас мүшесі ретінде танылады. Сол себепті Бір құрамды сөйлемді бір бас мүшелі сөйлем деп те атайды. Бір құрамды сөйлемнің түрлері жайында әр түрлі көзқарас бар. Қазақ тіл білімінде сөйлемнің бұл түрі кейінгі кезде ғана зерттеле бастады (Ж. Садуакасүлы. Бір кұрамды сөйлемдер. Алматы, 1996). Бір құрамды сөйлемге мынадай сөйлем түрлері жатқызылып жүр:

а) бетісіз жақты сөй¬лем;


ә) жалпылама жақты сөйлем;
в) жақты (жағы белгілі, сөйлем;
г) бір кұрамды қаратпа сөйлем. Кейбір ғалымдар субъект те, предикат та бір мүше арқылы берілетінін ескеріп, атаулы сөйлемді де жатқызады (Р. С. Әміров
59. Екі негізді сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын айтыңыз, мысалмен түсіндіріңіз
Екі құрамды сөйлем — грамматикалық құрылымы синтаксистік бас мүшелер болып табылатын бастауыш пен баяндауыштың (дара және күрделі күйінде) предикативтік қатынасына негізделген сөйлемдер.

Екі құрамды сөйлем (екі бас мүшелі) сөйлем синтаксисіне қатысты зерттеулердің қайсысында болмасын жай сөйлемнің басты түрі ретінде қаралады. Жай сөйлемдердің екі құрамды болуы жөніндегі пікірлер ойдың екі құрамдылығы жөніндегі пікірлермен бірге (тіл ойдың көрінісі ретінде қарайтын идеяға сай) өте ерте дәуірде қапыптасқан. Тіл ғылымы тарихында ой мен сөйлемді (пікір мен сөйлеуді) бір деп қараудан гөрі екеуін екі бөлек, бірақ өзара тығыз байланысты процестер ретінде зерттеулердің пайда болуына сай, сөйлемнің сыртқы грамматикалық құрылымы мен ішкі мағыналық құрылымын сарапай тексеру бұл екі құрылымның барлық жағдайда бірдей сәйкес келе бермейтіндігін айқындады. Осыған сәйкес жалпы жай сөйлемдердің екі құрамдық (екі бас мүшелі), бір құрамды (бір бас мүшелі) және мүшеленбейтін сөйлемдер деп бөліп қарау ғылымға түбегейлі енді. Екі құрамды сөйлем көбіне пікір құрамына сәйкес келетін сөйлем түрі ретінде қаралады. Мысалы,


хабардың мақсатына қарай хабарлы: "Сүйіндік ауылына Абайлар ел орынға отыра келіп еді" (М. Әуезов); сұраулы: "Апыр-ау, біздің елде мұндай бүғаудан құтылып, сүйгенімен қосылған қай қыз бар еді"? (Ғ. Мүсірепов); лепті: "Қасқырдан бөлтірік тумасын ба"! (Б. Майлин); бұйрықты: "Жастар үлкен үйге кіріп шықсын"! (3. Ақышев) болып бөлінеді.
құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: жалаң тек тұрлаулы мүшелерден (бастауыш пен баяндауыштан) тұратын сөйлемдер: "Жел күшейе түсті"; жайылма —"Кешеден бері ішін тартып тұрған жел бүгін түс қайта күшейе түсті"; толымды — ойға қатысты мүшелері толық сөйлемдер: "Лесниктің үстінде сұр қара шинелі бар"; толымсыз — ойға қатысты кей мүшелері әдейі түсірілген: "Басында құлақшын, аяғында ұлтанды қара етік" (С. Сейфуллин);
жақтық қатысына қарай: а) үнемі грамматикалық жақты болады; ә) семантикалық тұрғыдан: субъекті-жақты: "Хамит сасып қалды"; субъектіжақсыз: "Шөп шабылды"; жалпылама жақты: "Қалған дүниенің қамын сен жемеп пе едің"? (Абай); белгісіз жақты: "Ол — ақынның білімсіз бейшарасы" (Абай) деп ажыратуға келеді. Екі құрамды сөйлем күрделенген сөйлем құрамында (Қолындағы кесесін ырғытып жіберіп, Желдібай орнынан қарғып тұрды. Б. Майлин) және құрмалас сөйлем құрамында да (Ұйықтаған ойды кім түртпек, ақылға сәуле қонбаса". Абай) кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет