зар!.. (Ə.Сəрсенбаев). – ...Жақ ашшы, қане! Балаңмен қосып өзіңді жа-
уып қояйын! (Ғ.Мұстафин). Болымсыз жай сөйлемдер қолданыс аясында түрлі-түрлі экспрес-
сивтік-эмоционалдық, модальдік мəнде қолданыла береді. Мұндай қол-
даныс сөйлеушінің болымсыздық мағына жасайтын тұлғаларды басқа да
тілдік тұлғалармен қатынастыра, байланыстыра отырып, хабар мазмұнын
өз сезім-танымына сай түрлі реңкте беруге тырысуынан туындайды. Бұл
жолда сөз авторына кей сөздерді өзектендіру үшін сөйлем мүшелерінің
орнын ауыстыру (актуализация құбылысы), кейбір экспрессивтік мəнді
сөздерді (мысалы, болымсыздық есімдіктерін, түгел, былай тұрсын, бы- лай қойғанда, орнына, болмаса, де, емес т.б.) кірістіру, бірыңғай мүше-
лерді, тұрақты сөз тіркестерін қолдану, интонация т.б. амалдар көмекке
келеді.
V. Ендігі бір ескеретін нəрсе – тілімізде, жоғарыда аталғандай, болым-
сыз сөйлемдердің болымды тұлғалар арқылы берілетіні тəрізді, болым-
ды сөйлемдердің болымсыз сөйлемдерге тəн тұлғалар арқылы берілуі
де бар. Бұл ерекшеліктер көбіне болымсыз мəнді лексикалық сөздердің
баяндауыш қызметімен жəне ол сөздерді сөйлеушінің қандай мақсатта,
қандай модальдік сипатта қолдануымен тығыз байланысты болады. Бо-
лымсыздық тұлғалар арқылы болымды сөйлемдердің жасалуы төменде-
гідей болып келеді:
1) баяндауыштары -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшасының бо-
лымсыз мағыналы дара етістіктерге, күрделі етістіктердің негізгі сөзіне,
құрама етістіктердің көмекші етістіктеріне жалғануы арқылы жасалған
сөйлемдер болымды болады. Бұл сөйлемдер құрылымы жағынан бір не-
гізді де, екі негізді де бола береді. Мысалы: – ...Жойқын жұрт ерінбейді