Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет122/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

бейтін. Көрмейтін (Ə.Тарази). Талғат жігіттің үстіне төніп тұрып: 
– Ойланба да! Жауап берме де! Саған бұл сұрақты бергізбесін! Менің 
саған тілегім сол! – деді (Ə.Тарази). Бұл ерекшелік етістік бас мүшелі 
бір негізді сөйлемдерге де тəн: Кейбір ұсақ нəрселерді айтпаса да болар 
(М.Əуезов). Əбіштің бұл сөзді мақұлдағысы келмейді (М.Əуезов).
2)  негізгі  сөзі  есім  болып  келетін  құрама  баяндауыштарда  -ма  жұр-
нағы  көмекші  етістіктерге  жалғанса,  құрама  негізде  жасалған  тұрақты 
тіркесті  баяндауыштарда  ол  соңғы  етістік  сөзге  жалғанады:  Райхан 
бұларға көз салмайды (М.Əуезов). Анау екеуінің де кейпі онша көңілді 
көрінбейді (С.Сейфуллин).
ІІІ. Синтаксистік тəсіл арқылы жасалған болымсыз сөйлемдердің 
баяндауышы лексикалық мəнді негізгі сөздерге «емес» жəне «жоқ» бо-
лымсыз мəнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады: 
1) «емес» көмекшісі (ауыз əдебиеттерінде «емен» болып та қолданы-
лады) есімше тұлғалы негізгі сөздерге жəне атау, жатыс, шығыс септік 
жалғаулы  негізгі  сөздерге  тіркесу  арқылы,  сондай-ақ,  тұрақты  тіркес 
құрамында келу арқылы болымсыз сөйлем баяндауышын жасауға қаты-
сады:  Əріректе  ғана  шұбап  бара  жатқан  кіреші  керуені  көзіне  ілінер 
емес (Ғ.Мүсірепов). Сырдың екі жағасы жалаңаш дала болса, оны бақ-
шаға айналдырып алу еркі өзгеде емес... (С.Мұқанов). Жұманның жалғыз 
отырып қалуы қайсарлықтан емес (Ғ.Мүсірепов).
2) «емес» көмекшісі мүмкін, қажет, тиіс тəрізді модаль мəнді сөз-
дерге,  сын  есімдерге  тіркесіп  бір  негізді  жанама  жақты  сөйлем  жасау-
ға  қатысады:  Əрине,  мұндай  жағдайда  маған  мұнда  оқытушы  болып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет