Есімді сөйлемдерге жоғарыда берілген анықтама бойынша баянда-
уышы есім сөздер болып келетін сөйлемдермен бірге атаулы сөйлемдер
де жатқызылады: ...Байдың ай мен күндей қызы болады. Аты – Лəйлі. Байдың жылқышысы болады. Аты – Сауран. Адал, қайратты ер жігіт. Лəйліге ғашық... (Ə.Тарази). Тау іші. Иен жайлау. Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді... (Қ.Жұмаділов). Есім баяндауыштар да етістіктер тəрізді бастауышпен предикативтік
қатынас құрауы тиіс. Мұнда басты рөлді жіктік жалғауы атқарады. Өйт-
кені жіктік жалғауы – əрі морфологиялық, əрі синтаксистік тұлға.
1. Баяндауышы атау тұлғалы зат есімнен болған сөйлемдер міндетті
түрде екі негізді болады жəне бастауышы зат есім немесе заттық мағы-
надағы басқа сөз таптары болады. Баяндауышы 1,2-жақта жіктеліп ке-
леді де, 3-жақта жіктік жалғауы нөлдік тұлғада деп есептеледі. Мұндай
сөйлемдердің баяндауыш позициясының өзектендіргіштік қасиеті ба-
сым болады да, бастауыштың заттық жəне сапалық қасиеттерін айқын-
дап көрсетеді. Баяндауыш дара да, күрделі де құрылымда болады жəне
бастауыш пен баяндауыштың орындарын ауыстыру арқылы бастауышты
өзектендіруге мүмкіндік туады. Мысалы: Анау көлбеп жатқан – Арға-