мұршасы болмайтын (Н.Ораз). Екі жолдасы үннен қалды (М.Əуезов).
Шағала келмей, жаз болмас (Мақал). 4) Бірсыпыра ғалымдар баяндауышы -сыз, -сіз тұлғалы туынды сын
есім болып келетін сөйлемдерді де болымсыз сөйлем қатарына жатқыза-
ды (М.Балақаев, О.Төлегенов): Сырт пен бауыр аралығы елсіз (М.Əуе- зов). Олардың директорлары кім екені белгісіз еді (С.Мұқанов). Р.Əмір -сыз жұрнағын сөз тудырушы деп есептейді де, мұндай сөй-
лемдерді болымды сөйлем қатарына жатқызады [12, 93 б.].
ІІ. Морфологиялық тəсіл арқылы жасалады. Бұл тəсіл етістіктің
болымдылық жəне болымсыздық категориясымен тығыз байланысты.
Етістіктің болымды түрі нөлдік тұлға арқылы, болымсыз түрі -ма, -ме жұрнағы арқылы жасалады. Бұл категория етістіктің барлық түріне ортақ
[19, 267-268 бб.]. Сонымен:
1) Сөйлемнің баяндауышындағы не оның құрамының бір сыңарын-
дағы (егер күрделі етістік болса) болымды етістіктің түбіріне (түбір етіс
тұлғалы болса, етіс жұрнағынан кейін) -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) болым-
сыздық қосымшасы жалғанады да, басқа грамматикалық тұлғалар содан
кейін жалғанады. Мысалы:
Жұрттың бəріне Лəйлінің солай қарайтынын Мирас білмейтін. Сез-