Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет128/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   374
минативное предложение – односоставное предложение, главный член 
которого, обозначающий наличие, существование предмета или явления 
в настоящем или вне времени, выражен именем существительным, лич-
ным местоимением, субстантированной частью речи, имеющими форму 
именительного  падежа,  а  так  же  количественно-именным  сочетанием, 


140
141
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
господствующее слово в котором стоит в именительным падеже» [1, 151 
б.]. Ал қазақ тіліндегі сөздікте «Есімді сөйлемге» берілген анықтама да 
осыған жақын: «Есімді сөйлем (орыс. Номинативное предложение) – 1) 
номинативті сөйлем (баяндауышы атау септігінен жасалған бір құрам-
ды сөйлем (атаулы сөйлем); 2) баяндауышы зат есімнен болған сөйлем; 
3) бас мүшесі есім не есімді тіркестен жасалған бірқұрамды сөйлем» [2, 
114 б.]. 
Сөйлемді  «етістікті»  жəне  «есімді»  деп  бөлу  А.Байтұрсынұлы  ең-
бектеріндегі  сөйлем  жіктелісінде  кездеспейді.  Алайда,  ол  баяндауыш 
мүшенің  қандай  сөз  таптарынан  жасалатынын  көрсету  арқылы  сөй-
лемдердің  құрылымындағы  оның  рөлі  мен  сөйлемнің  «етістікті»  жəне 
«есімді» болып бөліну мүмкіндігі бар екендігі жөнінде кейінгілерге жол 
көрсетті.  Ғалымның  айтуы  бойынша,  баяндауыш  болатындар: 1) əуелі 
етістік  сөз  табы («етістіктің  есімше  жəне  көсемше  түрі  де  баяндауыш 
болады»  деп  бөліп  көрсетеді); 2) сын  есім, 3) зат  есім, 4) сан  есім, 5) 
есімдік, 6) етістікпен қосыла одағай жəне басқа сөздер, 7) бүтін сөйлем 
[3, 270-273 бб.]. 
Бұдан кейінгі еңбектердегі сөйлем жіктелістерінде де бұларды арнайы 
бөліп қарау көпке дейін кездеспейді, көбіне сөйлемнің бас мүшелерінің 
етістіктен не есімнен жасалуы сөз болады. Мысалы, М.Балақаевта «...қа-
зақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені – етістікті баяндауыштар... 
Есім баяндауышты сөйлемдер Еуропа тілдерінде көмекші етістік (связка) 
арқылы жасалады... Қазақ тілінде есім сөздердің қайсысы болса да баян-
дауыш қызметінде жұмсала береді» деген тəрізді тіркестер кездеседі [4, 
114 б.; 121 б]. Бұл тұжырымның сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерін 
басшылыққа алудың нəтижесі екені анық. 
Бұл  мəселеге  арнайы  көңіл  бөліп,  сөйлемдерді  «номинативті  жəне 
етістікті»  деп  бөліп  қараған  Р.Əмір  болды [5, 62 б.].  Автор  бұлай  жік-
теуде  бастауышты  негізге  алады  (төменде  толығырақ).  Қалай  болғанда 
да,  сөйлемді  баяндауыш  мүшеге  тікелей  қатысты  тілдік  бірлік  ретінде 
«етістікті»  жəне  «есімді»  деп  атап  көрсетудің  ғалымдарда  кездесетіні 
бар. Өйткені тілімізде сөйлемнің бұл екі құрылымдық түрі де бірінен-бірі 
кем қолданылмайды. Оған мына шағын мəтінді құрайтын сөйлем түрлері 
мысал бола алады:
...Вагондағылардың  халі  қалай  екен,  көріп  келейін  деп,  Лəйлі  бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет