Етістікті сөйлемдер баяндауышы етістіктің дара жəне күрделі бо-
лып келіп грамматикалық категориялармен түрленуі арқылы жасалады.
Мұнда етістік түбірінің лексикалық мағыналарымен бірге етіс, рай, шақ,
жақ категорияларының өзіндік қызметтері бар. Мəселен, ең алдымен, кез
келген сөйлемге предикативтілік пен модальділік жəне интонациялық
белгілер тəн десек, осылардың бəрі аталған категориялар арқылы жү-
зеге асады жəне осылардың түрліше қолданыстары сөйлемдердің логи-
ка-грамматикалық құрылымдарын да түрлендіріп отырады. Мысалы: 1) Ол менімен сөйлеспейді. Ол менімен сөйлесіп тұрады. Ол менімен сөйле- сер. 2) Оның менімен сөйлескісі жоқ. Оның менімен сөйлесуі керек. Оған менімен сөйлесу қажет. Алдыңғы үш сөйлем грамматикалық бас мүше-
лердің қатынасына құрылған екі негізді сөйлем болса, соңғы үш сөйлем
тек баяндауышқа құрылған бір негізді сөйлем.
Етістікті баяндауыштың тағы бір ерекшелігі – өзектендірілуге тиіс
мүшені (сөзді) өзінің маңына жақын тартады немесе өз орнын бере-
ді. Бұл жағдай сөйлем семантикасына, оның құрылымына да белгілі дə-
режеде əсер етеді: Қырық төртінші жылы жеті жасында бірінші