Синтаксистік парадигмалар


класқа барыпты. / Қырық төртінші жылы бірінші класқа жеті жасын-



Pdf көрінісі
бет131/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

класқа барыпты. / Қырық төртінші жылы бірінші класқа жеті жасын-
да барыпты. / Бірінші класқа жеті жасында қырық төртінші жылы 
барыпты. / Жеті жасында бірінші класқа барғаны – қырық төртінші 
жыл.
Сөйлесім барысында (контексте) етістіктердің жеке тұрып та сөйлем 
құрауы жиі кездеседі: – Кетем, апа! Болды, кетем! – деп салды. Кемпір 
алғаш түсінбей қалып:
– Кеткені несі? Тəйт əрі, сандалма! Кір үйге! – деп еді, келіні, түсі 
бұзылып кеткен:
– Жібер, жібер, кетем! – деп салды (Ə.Тарази).
Етістіктің  ерекше  категориялары  (С.Исаев)  деп  есептелетін  есім-
ше,  көсемше,  қимыл  атауы  категорияларының  баяндауышқа  қатысы 
түбір  етістіктерге  қарағанда  басқашалау.  Есімше  мен  көсемше  жа-
сайтын  жұрнақтар  баяндауыш  құрамында  сөйлемнің  шақтық  мəнін 
анықтауға қызмет атқарып, шақ жұрнағы деп есептеледі: Еркін қала-


142
143
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
да оқыған. Асқар бұрын Алматыда тұрыпты. Есімшелер таза күйін-
де  не  сөйлемнің  есімдерше  түрленетін  мүшесі  қызметін,  не  күрделі 
баяндауыштың  негізгі  компонентінің  қызметін  атқарады:  Келгендер 
кідірмей  төрге  озды.  Ол  досымен  сөйлескен  болатын.  Сол  сияқты 
көсемше  жасайтын  жұрнақтар  да  баяндауыш  құрамында  шақтық 
мағынаны білдірсе, таза көсемшелік күйде сабақтас құрмалас сөйлем
бағыныңқысының  баяндауышы  қызметінде,  пысықтауыш  мүше  қыз-
метінде  қолданылады  не  күрделі  баяндауыштың  негізгі  компоненті 
қызметін атқарып аналитикалық формант құрайды.. Мысалы: ...Келін-
шек бір кезде жылауын қойып, басын көтеріп отырды. ...Ішегін тар-
тып,  жас  балаша  өксіп-өксіп  жылайды. ...Əнеукүні  баласын  сабап 
тастапты (Ə.Тарази).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет