Синтаксистік парадигмалар


барып  еді,  у-шу,  билеп  жатыр  екен



Pdf көрінісі
бет129/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

барып  еді,  у-шу,  билеп  жатыр  екен.  Орталарында,  жұртқа  команда 
беріп,  Мирас  жүр.  Соны  көрді  де,  қайта  тайып  тұрды.  Өз  вагонына 
келіп, Сауранға көмектесіп біраз отырды да, жоғарғы сөреге шығып
жатып қалды. Көңілі жай. Саураны қасында. Мына келе жатқандар 
сыйлы  адамдар.  Аудан  басшылары.  Сауранды  олар  да  сыйлайды.  Ана
вагондағылардың күні өздеріне. Шетінен Мирас сияқты. Мирас – қандай
нахал.  Əйелінің  соры  шығар.  Өзінен  басқаны  ойламайтын  жан.  Соны 
жұрт неге сыйлайды екен? Қызық (Ə.Тарази). Осы мəтіндегі қарамен 
терілген  баяндауышы  бар  сөйлемдер – етістікті  сөйлемдер  болады  да, 
асты сызылғандары есімді сөйлемдер болады. 
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің негізін құрайтын «қазық» мүше 
ретінде есептеледі. Дегенмен, хабардың екі негізді құрылымда берілуімен 
бірге, стильдік жəне белгілі бір жағдаятта қолданылу ерекшеліктеріне қа-
рай грамматикалық бастауышсыз да (логикалық субъектілі – бір негізді), 
атаулы  да  болып  қолданылатыны  бар.  Мұндайда  сөйлемнің  сөйлемдік 
қасиеті оның баяндауыш мүшесінен не атаулы сөйлемнің өз бойынан ай-
қындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет