Есім баяндауышты бір негізді сөйлемдер контекстің стильдік ыңға-
йына сай бастауышы түсірілген, оны қоюды қажет етпейтін сөйлемдер
болғандықтан, құрылысы жағынан атаулы сөйлемдерге ұқсас болып ке-
леді. Ұқсастығы – екеуі де контекске қатысты болады, айырмашылығы
– атаулы сөйлемдер біртұтас зат, болмыстың сөйлеу кезіндегі барлығын
білдірсе, есім баяндауышты сөйлемдер зат, болмыстың сөйлеу кезінде-
гі барлығымен бірге сапалық белгісін де білдіреді. Мысалы: – Ойпы- рым-ай, Тайманбысың?! – деген (З.Қабдолов). Сол күні кешке құдайдың күні ағыл-тегіл құйсын кеп... Екі күн жауды. Апта жауды. Ақ жауын- ның өзі. ...Түсінде ол өмірдегідей жадырап, жарқылдап жүрмейді. Ұяң. Мұңлы... (Ə.Тарази). Вокатив сөйлемдер қазақ тілінде арнайы зерттеу нысаны болмаған,
өйткені ол қазақ тілшілері еңбектерінде қаратпа сөздердің, бұйрықты,
лепті сөйлемдердің қарамағында қарастырылып келген. Соңғы кездері
ғалымдар семантикалық тұрғыдан кейбір экспрессивтік мəнді қаратпа,
бұйрықты сөздердің сөйлемдік дəрежеде болатынын ескеріп, оларды
вокатив сөйлемдер ретінде қарастырып жүр. Мысалы: – Абай!.. – Абай- жан!.. – Қарағым!.. – Қоңыр қозым!.. – Абайжан!.. – деп дабырлай сөй- леп, ерекше шат боп қарсы алды (М.Əуезов). – Бұлан, Бұланым! Бауы- рым! Серігім!.. – деп, Алшағыр жылап отыр (Ғ.Мүсірепов). – Мырқал!.. Əй, Мырқал!.. (Ə.Əбішев). Сонымен, сөйлемдерді «есімді» жəне «етістікті» деп бөлудегі
алғашқы дəстүрлі бағытты (есім баяндауышты, етістік баяндауышты)
сөйлемнің таза грамматикалық құрылысын ескеруден деп, соңғы бағыт-
ты сөйлемнің логика-грамматикалық (коммуникативтік) қызметін еске-
руден туған жаңа бағыт деп түсінген орынды.