158
159
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бұл мысалдың екінші сөйлеміндегі
қайрат қылмақ түгіл бірінші
сөйлемдегі «мен» бастауышымен субъект-предикаттық қатынаста тұр.
Ал екінші сөйлемнің екінші сыңары «
қол ... жарамай қалды» өз алдына
басыңқы сөйлем бола алады.
Демек, түбегейлеп іздеп көрсе, «
түгіл, былай тұрсын» көмекші сөз-
дері қатысып тұрған бағыныңқы бөлігі (тəуелді конструкциясы, оралы-
мы) бар күрделенген сөйлемдер табылады деп ойлаймыз.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің деп көмекші
етістігі мен үшін септеулік шылауы арқылы аналитикалық жолмен жаса-
латыны белгілі, бұл контекст аясында да кездесіп отырады. Көлемді көп
алмау үшін төмендегі күрделенген сөйлемнің бағыныңқы оралымын «
...
сезіп қалмас үшін» деген нұсқамен алмастырса болды, мағынаның өзгер-
мейтінін байқауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: