гіт болғандықтан, Қасым аужайын байқап, əдейі қасына ертіп қонақ
ретінде алып келген (М.Əуезов).
2. Ол 1858 жылы Москвада Кадет корпусын бітірген соң, сонда он шақты жылдай губернатор кеңсесінде істеді. Осы қызметте ерекше іскерлігімен көзге түскендіктен, оны жетпісінші жылдары Батыс Сібірге төтенше тапсырмалар орындайтын чиновник етіп жіберген (Қ.Жұмаділов).
Бұл екі үзіндінің бір-бірінен айырмашылығы сол: 1-мысалда субъ-
ект тұрған сөйлем мен бағыныңқы предикат тұрған сөйлем алшақ тұрса,
2-мысалда ондай сөйлемдер іргелес тұр.
Жамал – сағынып көрген баланың алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше əлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті. Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойламаушы еді (М.Дулатұлы).
Бұл үзіндідегі 2-күрделенген сөйлемнің бағыныңқы бөлігі (тəуелді
конструкциясы) -ған жұрнақты есімшеге соң септеулігі тіркесу арқылы
жасалып тұр, контекстік бастауышы 1-сөйлемдегі «ата-анасы».
Күрделенген сөйлемнің көсемше арқылы жасалған тəуелді бөлігі
мен тірек бөлігінің себептік қатынасқа құрылуына мысалдар (контекстік
бастауыш пен баяндауыштың асты сызылды):
-Бұл тірлікте мұны көре алмайтындар,іштарлық етіп басындағы бағын қызғанатындар көп еді. Енді ақтық зауал шағында да мұның да қайтпас қайсар өлімін көріп, іштері күйсін (Қ.Жұмаділов).
-Əкем, тегі, дене қуаты мол адамға ұқсайды. Оны жұрт жұмыс атқаруымен өлшейді: «екі кісі көтеретін бөренені жалғыз өзі иығына салып əкете беруші еді», жүздікті «бір жарым есе орындаушы еді», «өзі кісіге тимейтін, тигенді оңдырмайтын еді» ... деседі. Сондықтан да адал атанып, жалданғанына жағымды болды. Жұмысқа, тегі, жа- лықпайтын кісі болу керек, өлерінен бірер жыл бұрын аяғынан мүгедек