Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет160/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
пайда болуы жай сөйлемнің “шектен шығуы” деп есептеп, бұл жолмен, 
əдетте, тіркестер бағыныңқы сөйлемге ауысатындығын көрсетеді.
Н.З.Гаджиева,  керісінше,  бағыныңқы  сөйлемдердің  етістікті  тіркес-
терден дамитындығын жоққа шығарады [19].
Сөйтіп,  түркі  тілдерінде  құрмалас  сөйлемдердің  пайда  болуының 
төмендегідей жолдарын көрсетуге болады:
бағына байланысу негізінде жай сөйлемдердің тікелей бірігуі;
жай сөйлемдердің құрамындағы етістік тіркестердің бағыныңқы құр-
малас сөйлемге ауысуы (синтаксистік деривация);
бір  субъектілі  жай  сөйлемдердің  дубль-бастауышты  құрмалас  сөй-
лемге ауысуы;
кейбір салалас құрмалас сөйлемдердің сабақтас құрмалас сөйлемдер-
ге ауысуы.
Бұл жерде бағына байланысу терминін тек тұлғалық бағыну деп қа-
былдамауымыз керек. Жай сөйлемдердің предикат бөлігінің тұлғасы ти-
янақты болғанымен, олар мағыналық жəне интонациялық жағынан бағы-
на байланысуы мүмкін. Мысалы: 
Хан кетісімен, жұрт та тым-тырақай тарай бастады (І.Есенбер-
лин).
Осы жолмен жүре бер, алдыңнан бұлақ кездесер (Ы.Алтынсарин).
Алғашқы құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті екінші компонент-
пен əрі тұлғалық, əрі мағыналық, əрі интонациялық сипаты жағынан тə-
уелді.  Ал  келесі  мысалдағы  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  компоненті
екінші  компонентпен  тұлғалық  жағынан  салаласа  байланысқанымен, 
мағыналық жəне интонациялық жағынан тəуелді. Сонда жоғарыда көр-
сетілген бірінші жол салаластарға да, сабақтастарға да ортақ тəсіл боп 
есептеледі.  Көптеген  түркітанушылар  аталған  мəселені  тек  сабақтас-
тарға қатысты түсіндіріп келді.
Құрмалас  сөйлемнің  қалыптасуында  деривация  мен  трансформация 
құбылыстарының да ықпалы айтылады. Екі құбылыс арқылы да туынды 
сөйлемдер жасалынады. Мəселен, сөйлемнің түпнегізін сақтап күрделе-
нуі бар да, түпнегізден алшақтап кететін күрделенуі бар. Бір ғалымдар 
жалпы күрделенуді деривация деп қараса, бір ғалымдар сөйлемнің түп-
негізі  сақталса  деривация,  ал  сақталмаса  трансформация  құбылысы 
деп  таниды.  Сөйлемнің  түпнегізі  дегенде  тұлғалық  негізі  ме,  жоқ  əлде 
мағыналық құрамы сақталу керек пе деген мəселенің төңірегенде де ға-
лымдар əлі бірізді пікірге келген жоқ деуге болады.
Деривация жəне трансформация құбылыстары арқылы туынды сөй-
лемдер жасалынады. Бірақ туынды сөйлемдердің барлығы бірдей дери-
вация  құбылысына  жатқызыла  бермейді.  Қазіргі  синтаксиске  қатысты 
еңбектерде күрделену кезінде бастапқы түпнегізін сақтаған сөйлемдерді 
деривация құбылысы деп тану қалыптасқан [20, 9 б.]. Əсіресе көсемше, 
есімше тұлғалы мүшелердің деривациялануы нəтижесінде сабақтас құр-
маластардың пайда болатындығы жөнінде пайымдаулар көптеген тілдер-
де, соның ішінде қазақ тілінде де қолдау тапты деуге толық негіз бар. 
Жай  сөйлемдердің  дубль-бастауыштар  арқылы  сабақтас  құрма-
ластарға ауысуы мəселесін қазақ тіл білімінде Т.Жукеев («Қазақ тіліндегі 
пысықтауыш  мүшеге  қатысты  синкретикалық  құбылыстар» (2005)) кө-
терген болатын. Зерттеушінің аталған мəселеге қатысты жасаған тұжы-
рымдары дəйекті, алғашқы компонентте айтылған бастауыштың кейінгі 
компонентте анафоралық тұрғыда қайталануы, дəлірек айтсақ, бір субъ-
ектінің екіге жарылуы нəтижесінде пайда болған мұндай сөйлемдер бү-
гінгі тілтанымдағы құрмаластарға тəн деп саналатын барлық өлшемдерге 
сай келеді. Алайда аталған жол тек сабақтастарға ғана тəн емес. Мысалы: 
Атасы ешқандай мектепте оқымағанмен, қара таниды, төте жазумен 
жазылған кітаптарды өзі оқи береді (Д.Ербекеев). Гүлжан кеше көрші 
жігітпен келісіп кеткен, бүгін екеуі заттарды бірінші қабаттағы кем-
пірдің үйіне тасыды (Л.Имашева).
Сондықтан  жай  сөйлемдердің  дубль-бастауыштар  арқылы  құрма-
ласқа айналуы мəселесін тек сабақтастар аясында қарамай, жалпы құр-
маластардың қалыптасуындағы бір жол деп қарастырған жөн.
Жоғарыда  берілген  құрмаластардың  қалыптасып  дамуына  қатысты 
жіктелістің бірінші жəне төртінші бөлімдері ұқсас болғанымен, екеуі бір 
нəрсе  емес.  Тілімізде  салаластың  формалық  өзгеріске  түсіп  сабақтасқа 
айналған түрлері де, екі дербес ойды білдіретін жай сөйлемдердің бағы-
на байланысуы негізінде қалыптасқан сөйлемдер де жоқ емес. Мысалы: 
Ұлжан аулына келіп жеткенше, барлық үйлер тігіліп болды (М.Əуезов). 
Əулие  көмек  берер  деп,  Басына  халық  түнепті  (Д.Қанатбаев)  сияқты 
сөйлемдердің салаласа байланысқан «архетипін» қалпына келтіру қиын. 
Сондықтан  сабақтастарды  салаласа  байланысудың  эволюциялық  түрі 
деп қана қарастыру бір жақты пікір болып саналады. 
Бүгінгі əдеби тіліміздің барлық жанрында кеңінен қолданылатын құр-
малас  сөйлемдердің  даму  үрдісін  санаулы  формуламен  өрнектеуге  кел-
мейді. Ғылым дамуындағы серпілістер, қоғамдағы интеграциялық үдеріс-
тер мен ақпараттар ағымының толассыздығы тілде, сөйлеу жүйесінде өз 
ізін қалдырып отыратындығы хақ. 
Құрмалас сөйлем төңірегіндегі (жалпы бүкіл синтаксис айналасын-
дағы)  айтыстар,  негізінде,  шындыққа  негізделген  материалды  дəлел-
дейтін  деректің  аздығынан  жиі  пайда  болатынын  ескеру  қажет.  Осы 
тұрғыда құрмалас сөйлемнің салаласа, сабақтаса байланысуына түрткі 
болған  нəрсе  не  жəне  осы  жіктелістің  астарында  таза  тілдік  ұстаным 
жатыр  ма  деген  заңды  сұрақ  туады.  Дəл  осы  сұрақтың  жауабы  ретін-
де  академик  Н.Сауранбаевтың 1948 жылы  жазылған  еңбегінде  айтқан 
тұжырымын өзгеріссіз ұсынған жөн болар еді: Жай сөйлемдердің бірде 


172
173
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
тең дəрежеде салалас болып, бірде бір-біріне бағынып сабақтасып құр-
маласуының ең негізгі себебі – адамның айналадағы табиғи, қоғамдық 
өмірдегі оқиғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдауы 
(восприятие).  Салаласып  құрмаласқан  жай  сөйлемдердің  арасындағы 
ішкі байланыс – құбылыстардың, оқиғалардың арасындағы байланысты 
айқын, дəл ажырату емес, ассоциация, аналогия, апперцепция принцип-
терімен жинақталып, ұласуға негізделген. Құбылыстардың арасындағы 
байланысты  дəл,  айқын  ажыратып  айтсақ,  олар  сабақтаса  құрмаласар 
еді. Салаласып байланысқан жай сөйлемдер сабақтасып байланысқанда, 
яғни бір сөйлем екінші сөйлемге бағынғанда, сол өзі бағынған сөйлем-
дегі оқиғаның себебін, мезгілін т.б. анық білдіреді, я белгілі мүшенің са-
пасын білдіреді. Сөздердің арасындағы бағыну, бағындыру қатынастары 
олардың арасындағы табиғи байланыстарды, қатынастарды айтушының 
айқын  ажыратып  аңғаруынан  болады.  Жай  сөйлемдер  салаласып  құр-
маласқан  түрінде  олардың  арасындағы  қатынастар  жəне  байланыстың 
түрі айқын ажыратылмай, жалпыланып айтқан болар еді. Сөйлемдердің 
сабақтасып құрмаласуының психологиялық негізі – талдау (анализ). Ал 
сөйлемнің салаласып құрмаласуының психологиялық негізі – жинақтау 
(синтез) [4, 35 б.]. Тілдік құбылыстардың сырын адам психологиясымен 
байланысты зерделеу – бүгінгі күннің де талап етіп отырған басты мəсе-
лелерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет