Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет149/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

болып қап, пішенді тізерлеп жылжып шапқаны əлі есімде (С.Мұқанов).
-Бірақ қанша шұқшия қарағанмен ол жарқыраған көп оттардан өзге 
ештеңеге  де  көзі  жетпеді.  Əр  жерден  қылаң  еткен  көп  терезелі  биік 
үйлерді  бірінен  бірін  ажырата  алмай,  көзі  жасаурай  берді  (С.Мұрат-
беков).
-Бір  күні  Қарабай  қызметтес  жігіттермен  бірге  жұмыстан  соң 
арақ ішті. Сөзден сөз шығып, қыза келе, əңгіме тақырыбы бір миллион 
теңгеге ауысты (Қ.Шамақайұлы).


156
157
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бұл мысалдардың төртеуінде де күрделенген сөйлемнің тəуелді бөлі-
гі мен тірек бөлігі көсемшемен байланысып тұр, айырмашылығы – 1, 3, 
4-мысалдарда  субъект  пен  предикат  іргелес  тұрса, 2-мысалда  арасына
бірнеше  сөйлем  салып  тұр.  Алайда  деп  көмекші  етістігінің  ықпалымен 
жасалатын себеп мағынасындағы тəуелді конструкцияның нақты лекси-
калық бастауышы, субъектісі (грамматикалық бастауышы ғана емес) кон-
текстегі басқа дербес сөйлемде тұратын жайт кездесіп отырады. Мысалы:
Асуда тұрған мергендер мылтықтарынан оқ жаудырып қия бастыр-
майды... Ал бұларды қалдырып кетуге, желкемізден түре соға ма деп
тағы қорқамыз (Қ.Жұмаділов).
Себеп бағыныңқылы қатынасқа құрылған күрделенген сөйлемнің деп 
көмекші етістігі арқылы байланысатын жайтына біз көп тоқталмаймыз, 
өйткені  бұндайда  негізгі  етістік  белгілі  бір  жақта  тұрып,  бастауышпен 
қиысады. Демек, баяндауышы арқылы бастауышты таба аламыз. Ал ком-
понентті бағыныңқы етіп тұратын – форма ғана, көсемшенің тиянақсыз-
дығы. Сондықтан арнайы бастауыш іздеудің қажеті жоқ.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемі-
нің баяндауышы шартты райдан жасалған жағдайда, сол баяндауыштың 
өзі  бастауыштың  жағынан  белгі  беріп,  субъектіні  анықтап  тұрады,
сондықтан Келсе, бəріміз қарсы аламыз деген сияқты сөйлемді күрде-
ленген сөйлемге жатқыза алмаймыз. Ал басқа тұлғадағы баяндауышы 
бар сөйлемді сабақтастың бағыныңқы сөйлемі деп тану үшін арнайы 
субъект  я  бастауыш  қажет  болады.  Ондай  бастауыш  я  субъект  бұл 
сөйлемге  қатыспай  тұрады,  көршілес  сөйлемде  болады.  Демек,  мұн-
дай бағыныңқы конструкция жартылай предикативтеніп тұр деген сөз, 
ол құрмаластың компоненті емес, күрделенген сөйлемнің компоненті. 
Мысалы:
Мектеп алаңындағы жол жиегіне гүл егіп қойған екен. Көктеп өспе-
йінше (өспей – Ж.Ж.) ортаңғы есікті ашуға болмайды (С.Түгелбаев).
Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмаластың  бағыныңқы  сөй-
лемінің  қиыспайтын  баяндауышты  түрлері  көсемшеден  болатыны  бел-
гілі.  Осы  бағыныңқының  субъектісі  сол  сөйлемде  болмай,  контекстегі 
басқа сөйлемде тұрса, мұндай сөйлем сабақтас құрмалас межесіне жет-
пей,  жартылай  предикативтеніп  күрделенген  сөйлем  болып  шығады. 
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет