3.2 Құрмалас сөйлемнің қалыптасып, даму жолдары Күрделі ой мен күрделі пікірді білдіру үшін қызмет ететін құрмалас
сөйлемдер құбылыс десек те, көне жазба ескерткіштер тілі аталған тіл
бірлігінің сан ғасырлық жəне басқа да ой білдіруде қолданылатын түр-
лі құрылымдар қазіргі заман көркем əдебиетінде, ғылыми жəне саяси
шығармаларда жиі кездеседі. Десе де қандай тілдік бірлік болмасын,
оның өзіндік қалыптасу, даму тарихы болады. Құрмалас сөйлемдер жай
сөйлемдердің негізінде қалыптасқан кейінгі тарихы бар екенін жоққа
шығармайды.
Əрине, тілдегі ой білдірудің бұндай күрделі түрі бірден қалыптасқан
жоқ. Ұдайы даму процесінде адам санасы ойлаудағы объективті шын-
дықтың əртүрлі қатынастарын нақтылайтыны жəне реттей түсетіні бел-
гілі. Сол себепті қатар тұрған сөйлемнің біреуі негізгі ойды білдірсе,
екіншісі оны толықтырушы болып қалады. Жаңа мəнді қатынаста тұрған
сөйлемдер бір-бірімен үйлесудің жаңа жолын, ойды білдірудің жаңа
түрін іздейді. Сөйтіп, объективті өмірдің күрделі көрінісі ойлау процесін
де күрделендіреді, ал ол күрделі ойды жеткізу қажеттілігі қалыптасқан
тілдік құралдың негізінде сөйлемдердің үйлесуінің жаңа тəсілінің да-
муына түрткі болатыны сөзсіз.
Түркі тілдері үшін дамудың барлық кезеңдерінде жай сөйлемдердің
бір-бірімен тіркесуі нəтижесінде пайда болған синтаксистік құрылымдар
тəн болғандығын көне түркі жазба ескерткіштерінің тілдік фактілері
нақтылай түседі. Мысалы:
Қағанның сабын алматын,
Иер-сайу бардығ,
Көп анта алқынтығ, арылтығ,
Анта қалмыш йер-сайу көп
Туру-өлу йорыйур ертіг,
Теңрі йарлықадуқын үчін,
Өзім құтым бар үчін,
Қаған олуртым (Күлтегін. Бірінші жыр.)
(Аудармасы: Қағаныңның тілін алмадың, Жер-жерге бардың, Онда
көп алқындың, арылдың, Сонда қалғандар жер-жерге қаңғып Өлімші
босқын боп еді, Тəңірі жарылқағандықтан, Өзімнің құтым бар болған-
дықтан, Қаған отырдым, Қаған болып) [11, 16 б.]. Жалпытүркілік та-
рихи ескерткіштер мен кейбір тілдерге ғана тəн деп есептелетін тарихи
ескерткіштер материалдарында жай сөйлемдер жиі кездеседі десек те,
салаласа, сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдердің де аз еместігін
жоғарыдағы мысал да дəлелдей түссе керек.
Қазiргi əдеби тiлiмiздiң барлық жанрында қолданылатын құрма-
лас сөйлемнiң қалыптасып дамуы бiр күннiң жемiсi емес. Бұл жөнiнде
Т.Қордабаев: “Көрнектi ғалымдардың айтуына қарағанда, тiл дамуының
көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздердi, сол сияқты жай сөй-
лемдерді бiр-бiрiмен байланыстыратын қазiргi дəнекерлер, тəсiлдер бол-
маған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазiргi тiлiмiздей бiрi
екiншiсiне меңгерiлiп, жетектелiп бiрi екiншiсiн меңгертiп, жетектеп,
өзiне тəуелдi етiп тұру сияқты байланысу тəсiлдерiнiң анағұрлым берiк
түрлерi болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы бұл тəсiл олар-
дың тұрған орындарына мағына желiлерiнiң жақындықтарына қарай бiр-
бiрiмен қабыса, iргелесе байланысу тəсiлi болған. Сөз бен сөздiң, сөйлем
мен сөйлемнiң бiр-бiрiмен арақатынасы тығыз, берiк болмағандықтан,
оларда дербестiк, бiр-бiрiне тəуелсiздiк күштi болған,” – дейдi [12, 127
б.]. Тiл дамуының көне заманында сөздердiң де, сөйлемдердiң де арасын-
да дербестiктiң, бытыраңқылықтың басым болғандығын үндi-еуропа тiлi
синтаксисiн зерттеген ғалымдар да көрсеткен.
Үндi-еуропа тiлдерiн салыстырмалы түрде зерттеуге арналған еңбе-
гiнде А.Мейе сөйлемдер бiр-бiрiмен ешқандай дəнекерсiз, бiрiнен соң
бiрi қатар қойылғанын айтады [13]. Құрмалас сөйлемдердің пайда болу
жолдары туралы теорияны А.А.Потебняның кейбір зерттеулеріне сүйене
отырып А.Рифтин ұсынған болатын.
Көне заманда сөздер мен сөйлемдер байланысының нашар бол-
ғандығын А.Рифтин де “Аккад тіліндегі құрмалас сөйлем дамуының
екі жолы туралы ” деген мақаласында айтқан [14, 66 б.]. Бұл теорияға
сəйкес құрмалас сөйлемдердің дамуы төменде көрсетілген екі жолмен
жүрді:
1. Салаласа байланысқан екі жай сөйлем кейіннен сабақтас құрмалас
сөйлемге айналады;
2. Жай сөйлемнің етістікті оралымдары бағыныңқы сөйлемдерге ай-
налып, сабақтас құрмалас сөйлем құрайды.
Осы мақаласында А.Рифтин тетелес тұрған екi жай сөйлемнiң сала-
ласу негiзiнде бiр-бiрiне қосылуы, бiрiгуi құрмалас сөйлем дамуының
бiрiншi жолы дегендi айтады. Құрмалас сөйлемнiң мұндай түрi – яғни
компоненттерi бiр-бiрiмен ешқандай қосымша дəнекерсiз, тек мағына
жақындықтарына қарай iргелес, қабыса айтылулары арқылы байланыса-
тын түрi – паратаксис деп аталады. Тарихи дамудың барлық кезеңдерін-