162
163
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
болмаса, үйткені, неге десең т.б. жалғаулықтары,
осы, сол, бұл есімдік-
тері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты рай
тұлғалы етістіктер көрсетіледі.
Салалас құрмаластарды өз ішінде: ыңғайлас, ереуіл, талғама, се-
беп-салдар шарт жағдай деп бөледі де, с
абақтастарды анықтауыш
бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағыныңқылы
деп саралайды [2, 359 б.].
Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес,
ғылыми тұрғыдан қарастырған С.Аманжолов құрмалас сөйлемдерді са-
лалас, сабақтас, аралас жəне тиянақсыз сабақтас деп төрт түрге бөліп
қараса [3, 359 б.], құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеген Н.Сауранба-
ев бұл мəселеде бірнеше пікір ұсынды: алғашқы топтастыруда құрма-
ластарды салалас жəне сабақтас деп жіктесе [4, 46 б.], кейінірек салалас
құрмалас, сабақтас құрмалас жəне іргелес құрмалас деп топтайды [4,
34-106 бб.], ал соңғы топтастыруда құрмаластарды 4-ке бөледі: салалас,
сабақтас, аралас, үйірлі мүшелі сабақтастар [4, 520 б.].
С.Жиенбаев құрмаластың тек салалас жəне сабақтас деген 2 түрі бар
екенін, ал аралас құрмаластың “өз алдына бір бөлек заңдары жоқ” екенін
айтады [5, 33 б.].
Аталған топтастырулардың қолданыстағы топтастырулардан елеулі
айырмашылықтары болғанымен, бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда
назар аударатын тұстары да жоқ емес.
Профессор Н.Сауранбаевтың “Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер
жүйесі” атты очеркінде берілген іргелес құрмаластар – тілімізден берік
орын алып, əбден қалыптасып кеткен жалғаулықсыз салалас сөйлемдер.
Мұндай сөйлемдерді салаластың бір тармағы есебінде қарамай, жалпы
құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде түсіндірген. Ондағы дəлелі – “ірге-
лес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тəн
белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен
тең дəрежеде құрмаласатындығы жəне сөйлемнің баяндауышы тиянақты
қалыпты болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыра-
тын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі
сипаттап, бір-біріне тəуелді болып байланысады” [4, 27-28 бб.].
Сонымен бірге бағыныңқы компоненттің табиғатын сөйлем мүше-
лерінің атқаратын қызметімен теңестіре қараған ғалым: “Бағыныңқылар
басыңқы сөйлемдегі бір жай мүшенің қызметін атқарады, я соның орны-
на жүреді”, – дей келіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін төменде-
гіше жіктейді:
1. анықтауыш бағыныңқылы;
2. толықтауыш бағыныңқылы;
3. пысықтауыш бағыныңқылы – мұның өзі ішінара мезгіл, себеп-
амал, мақсат пысықтауыш бағыныңқылар болып ажыратылған.
4. шарт бағыныңқылы;
5. қарсы бағыныңқылы;
6 салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
Үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді ғалым екі жақты түсіндіреді: егер
есімшелі сөйлемдердің өзіне қатысты бастауышы болмаса, ондайларды
есімше анықтауыш үйірлі мүшелі жай сөйлем дейді де (
Емтихандарын
Достарыңызбен бөлісу: