Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет157/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

уақытында  өткізген  студенттер  демалысқа  кетті),  егер  бастауышы 
болса, мұндайларды анықтауыш бағыныңқы деп түсіндіреді (Асан кітап-
ханадан алып оқыған қызық кітап бүгін маған тиді).
М.Томановтың  пікірінше, “өзара  тең  дəрежеде  байланысқан  сөй-
лемдер  тобын  салалас  құрмалас  дейміз”  деген  анықтаманың  өзі  дұрыс 
емес. Оған дəлел ретінде Іші пысып жүрген кезде жолықтым ба немесе 
білген  кеңестерін  білдіргісі  келмеді  ме,  Жəкең  үлкен  əңгімелер  қозғады 
сөйлемінің  жоғарыдағы  анықтама  бойынша  салалас  құрмалас  бола  ал-
майтынын айтып, салаластардың “тұрақты принцип негізінде анықтал-
май жүргендігін” көрсетеді [6, 45 б.]. Өзара тең байланысқан, бірақ ин-
тонация арқылы ұласқан сөйлемдерді салалас деп танитын болсақ, оған 
баяндауыш құрамында сұраулық шылауы бар немесе көсемше тұлғалы 
(-ып, -іп, -п) сөйлемдерді жатқызуға болмайтынын, өйткені мұндай сөй-
лемдердің  құрамындағы  алғашқы  сөйлем  соңғы  сөйлемге  бағынышты 
болатындығын айтады. 
Сөйтіп қазақ тіл білімінде салалас, сабақтас құрмаластарды анықтау-
да екі түрлі ұстанымды негізге алу жөнінде пікірталас өрбіді: 
1. компоненттердің мағыналық қатынасы; 
2. компонент баяндауыштарының тұлғалық белгісі.
Алғашқы  ұстанымды  негізге  алғандар  (С.Жиенбаев,  Н.Сауранбаев, 
Ғ.Бегалиев, Қ.Жұбанов) көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасымен келген сөй-
лемдерді салалас құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н.Сауранбаев 
“іргелес сабақтас”, С.Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай 
сөйлемдерді Қ.Есенов “ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, 
тұлғалық тиянақсыздықты басты ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлем-
дердің қазіргі қазақ тілінде сабақтастардың қатарында қарастырылаты-
нын айтады.
Профессор  М.Балақаев  қазақ  тіліндегі  сабақтас  сөйлемдердің  дені 
пысықтауыш  ыңғайында  келетінін  айтып,  оларды  алты  топқа  жіктей-
ді: шартты, қарсылықты, мезгіл, амал, себеп-салдар жəне мақсат бағы-
ныңқылы сөйлемдер. Сонымен қатар қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің 
жалаң шартты рай тұлғасы арқылы да жасалатынын көрсетеді. Мысалы: 
Төлеубекті мұғалімдердің көбі жек көрсе, Жанат тіпті жақсы көреді. 
Қасқа құнанды үйдің қасынан алысырақ жерге айдап салсам, ол көп ұза-
май есік алдына қайта келеді.


164
165
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Профессор А.Ысқақовтың “Құрмалас сөйлем мəселелері” атты мақа-
ласында көңіл аударатын жай – сабақтас пен салалас құрмаластарды өза-
ра  ажыратуда  негізгі  ұстаным  етіп  екі  жай  сөйлемді  байланыстырушы 
баяндауыш  сөзінің  грамматикалық  тұлғасын  басшылыққа  алады.  Осы-
дан келіп, Омар кітап оқып, Жамал хат жазып отыр тəріздес сөйлем-
дерді кейбіреулердің салалас деп ұғынуына қарсы мұндайларды сабақтас 
құрмалас  деп  дұрыс  түсіндіреді.  Мұндағы  дəлелі - бағыныңқы  сөйлем 
баяндауышының тиянақсыз тұлғада тұруы [7]. 
Құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  қатысты  маңызды  қадам 1956 жылы 
Алматы  қаласында  өткен  түркі  тілдеріндегі  етістік  түрі  мен  сабақтас 
сөйлем  проблемаларына  қатысты  өткен  үйлестіру  (координациялық) 
кеңесінде  жасалды.  Сол  кеңесте  профессор  Н.Сауранбаев  жасаған  “са-
бақтас  құрмалас  сөйлемді  өзара  байланыстыратын  амалдар”  деген  ба-
яндама  негізінде  пікірталас  (С.Аманжолов,  М.Балақаев,  Г.Байтоғаева, 
Т.Қордабаев) өрбіді. 1958 жылы “Қазақ тілі мен əдебиеті” журналының 
№ 5 санында  жарық  көрген  Т.Қордабаевтың  “Сабақтас  құрмалас  сөй-
лемнің  өзіндік  белгілері”  атты  мақаласынан  соң,  осы  журнал  бетінде 
1958-1959  жылдары  ғылыми  айтыс  (М.Балақаев,  Т.Ерғалиев,  О.Төле-
генов,  А.Əбілқаев,  М.Томанов,  Ж.Болатов,  Қ.Есенов)  өз  жалғасын  тап-
ты. Ғылыми талқылау негізінде құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты 
бірқатар  мəселелер  өз  шешімін  тапты.  Əсіресе,  сөйлемнің  салалас,  са-
бақтас байланысын анықтауда мағыналық емес, тұлғалық белгінің негіз-
ге  алынуы,  құрмалас  сөйлемді  тануда  бастауыш/  ортақ  бастауыш,  пре-
дикаттық  қатынас/  субъект-предикаттық  қатынастың  қайсысы  негізге 
алынуы туралы мəселелер көтерілді.
Қазақ  тіл  білімінде  құрмалас  сөйлем  синтаксисі  мəселесінің  зертте-
луін Қ.Есенов үш кезеңге бөліп қарайды:
–  алғашқы  кезеңге 1920-1940 жылдар  аралығында  жазылған  А.Бай-
тұрсынұлы  мен  Қ.Жұбанов,  С.Жиенбаев,  Х.Басымов,  С.Аманжолов,
Н.Сауранбаев, М.Балақаевтардың еңбектерін;
–  екінші  кезеңге 1940-1950 жылдары  шыққан  С.Аманжолов,  С.Жи-
енбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Бегалиевтердің еңбек-
терін;
– ал үшінші кезеңге 1950 жылдан кейінгі Т.Қордабаев, О.Төлегенов, 
А.Əбілқаев,  Қ.Есенов,  Х.Арғыновтардың  зерттеулерін  жатқызады [8, 
117 б.]. Бұған қоса осы тұста жарық көрген Р.Əміров, Қ.Мамытбеков [9], 
Ұ.Сəлиевалардың [10] зерттеулері  де  құрмалас  сөйлем  синтаксисін  да-
мытуға  зор  үлес  қосқанын  атап  кеткен  орынды.  Сондай-ақ  аталған  үш 
кезеңге қосымша төртінші кезеңді қосудың да артықтығы жоқ деп есеп-
тейміз. Өйткені Қ.Есенов көрсеткен үшінші кезеңде қазақ тіл білімінде-
гі  құрмалас  сөйлем  синтаксисі  ілімінде  теориялық  мəні  зор  тың  тұжы-
рымдар  жасалып,  зерттеулер  жүргізілді,  бұрын  күңгірттеу  көрінген 
көптеген  мəселелердің  басы  ашылды,  осы  сала  бойынша  озық  идеялы 
аға буын ғалымдар легі қалыптасып, олар аталған ілімді жалғастырушы 
жас ғалымдар легін қалыптастырды. Олардың қатарында профессорлар 
Т.Қордабаев, Қ.Есенов, Р.Əмір, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай 
жəне т.б. ғалымдар бар. 
Ал төртінші кезең, тоқсаныншы жылдардың аяғы мен бүгінгі күнге 
дейінгі кезең, тек құрмалас сөйлем мəселелері ғана емес, жалпы қазақ 
тіл  білімі,  оның  ішінде  грамматика,  синтаксис  ғылымында  жаңа  ке-
зең болып есептеледі. Осы кезеңде құрмалас сөйлемге тікелей немесе 
жанама қатысы бар отыздан астам ғылыми диссертациялар қорғалды. 
Бұл  кезеңде  бұрын  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалып  келген  құрма-
лас  сөйлемнің  интонациялық  ерекшеліктері,  аралас  құрмаластар  мен 
көп  компонентті  салаластардың  құрылымдық,  мағыналық  сипаттары, 
компоненттерді  байланыстырушы  тұлғалардың  құрмалас  сөйлемнің 
мағыналық  қатарын  түзудегі  ерекшеліктері  т.б.  мəселелерімен  бірге, 
оны  жаңа  арнада  функционалдық  грамматика,  коммуникативті  син-
таксистің бірлігі ретінде қарау; мəтіннен тыс, оқшау жеке-жеке қарас-
тырылатын  сөйлем  емес,  өзіне  дейінгі,  өзінен  кейінгі  сөйлемдермен 
мағыналық  байланыстағы  бүтіннің  бөлшегі  ретінде  қарау,  тілде  даяр 
қалпында  қолданылатын,  тілдік  емес  ортамен  байланысы  жоқ  оқшау 
санат  емес,  тілден  тыс  факторлардың  да  ықпалы  тиетін,  сөйлеу  про-
цесі кезінде қалыптасатын бірлік екендігі, жұмсалым ретіне қарай бір 
тұлғадағы құрылымдардың əр алуан мағынаға ие болуы немесе əртүрлі 
тілдік  тəсілдер  арқылы  мəндес  сөйлемдер  парадигмасын  түзуге  бола-
тындығы күн тəртібіне қойылуда. 
Осы  кезеңнің  үлесіне  тиетін  М.Базарбаев,  Б.Шалабай,  Ж.Жақыпов, 
З.Ерназарова,  Б.Сағындықұлы,  К.Садирова,  Б.Қапалбеков,  С.Қазыба-
ев,  С.Айтжанова,  А.Фазылжанова,  Б.Елікбаев,  Ə.Елшібаева  жəне  т.б. 
зерттеушілердің  еңбектері  аталған  мəселеге  жан-жақты  қарауға  ықпал 
етері сөзсіз. Өткен ғасырдың соңғы он жылынан бері ғылымдағы өзек-
ті  жаңалықтар  мен  көп  жылдық  тəжірибелер  негізінде  кейбірі  қайта 
өңделіп,  жаңа  сипатта  жазылған  Т.Қордабаевтың  «Қазақ  тіліндегі  құр-
малас  сөйлемдер  синтаксисі» (Алматы: «Санат», 1995), Қ.Есеновтің 
«Құрмалас сөйлем синтаксисі» (Алматы: «Білім», 1995), «Қазақ грамма-
тикасы»  Астана, 2002 («Құрмалас  сөйлем»  бөлімін  жазғандар:  Р.Əмір, 
Б.Шалабай,  Б.Қапалбеков,  Б.Сағындықұлы),  М.Серғалиевтің  «Синтак-
систік зерттеулер» (Алматы: «Сөздік-словарь», 2004», Т.Сайрамбаев пен 
Б.Сағындықұлының  «Құрмалас  сөйлемдер  жүйесі» (Алматы: «Қазақ 
университеті», 2007), Р.Əмір  мен  Ж.Əмірованың  «Құрмалас  сөйлемдер 
қазақ тілінің грамматикалық, функционалдық жүйесінде» (Алматы: «Қа-
зақ университеті», 2007), Т.Ермекованың «Құрмалас сөйлемдер жүйесі» 
(монография,  Алматы, 2008), «Қазіргі  қазақ  тілінің  құрмалас  сөйлемі» 


166
167
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
(Астана: «Фолиант», 2011) т.б. еңбектер қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем 
синтаксисіне қатысты өзекті мəселелерге арналады. Десе де зерттеулерде 
құрмалас сөйлемдердің мағыналық-құрылымдық топтарына, əсіресе оны 
байланыстырушы формаларға, көмекші тəсілдерге басым назар аудары-
лады  да,  құрмалас  сөйлемдердің  компоненттер  сипатының  жалпы  сол 
тілдік бірлікке тигізетін ықпалы, синтаксис пен семантика арақатынасы 
мəселесінің бірқатар сұрақтары əлі де зерттей түсуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет