Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет169/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   374
да жасатып шығарғаны “Иоанн” дейтiн жалғыз пароход екен, оны-
сы екi жүз алпыс-ақ шақырым жер – Тюмень мен Тобылдың арасына 
дəл  бiр  ай  он  сегiз  сағат  жүрiп  əрең  жетiптi  де,  тоқтапты”.  Бұл 
мысалдарда алғашқы компоненттердегi баяндауыштар: тұңғиық, паро-
ход  екен  келесi  компоненттерде  бастауыш  қызметiнде  жұмсалған [34, 
67 б.]. Алғашқы салаластың екiншi компонентiнде ол сөз айтылмаған-


182
183
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
мен,  мағынасы  бар,  екiншi  сөйлемде  ол  мағына,  онысы  деген  есiмдiк 
арқылы берiлген.
Осы сияқты тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелер де алмаса ала-
ды. Тіл ана тілімен дарымаса, оны меңгеру қиын (Т.Ахтанов). Егер орыс 
тілінде шығатын газеттің тілшісі мемлекеттік тілді білмесе, ол оның 
өзінің проблемасы (Г.Нұрпейісова). Ағылшындар тұсында мыс қорыта-
тын Спасский заводы Қарағандыдан 35 километр, Козлов соған барып 
қайтты (Ғ.Мұстафин). Бұл мысалдарда алдыңғы компоненттердiң тіл, 
тілшісі,  Спасский  заводы  деген  бастауыштары  келесi  компоненттерде 
тура толықтауыш – оны, меншікті анықтауыш – оның, мекен пысықта-
уыш – соған деген мүшелермен алмасады.
Жай сөйлемдер құрамындағы тұрлаусыз мүшелердiң бiр түрi тұр-
лаулы  мүше  қызметiндегi  сөздiң  келесi  сөйлемде  екiншi  тұрлаусыз 
мүше  болып  құбылуы  да,  ол  жай  сөйлемдердi  мағыналық  жағынан 
жақындастыра  алады.  Мұндай  конструкциялы  сөйлемдерде  тұрлау-
сыз мүшелердiң түрлерi ғана бiр-бiрiмен алмасып қоймай, кейде сол 
түрлердiң жеке-жеке топтары да бiр-бiрiмен алмасады (мысалы, бiрiн-
шi  компонентте  жанама  толықтауыш  қызметiндегi  сөз  келесi  компо-
ненттiң тура нысаны болуы мүмкiн т.б.). Жуықта қазақ теледидары-
ның тілшілері біраз қазақты тоқтатып, əрқайсысы олармен сұхбат 
жүргізді (О.Бөкеев).
Құрмалас сөйлемдерде жоғарыда сөз болған құрмаласу тəсiлдерiнiң 
бiрнешеуi бiрден де жүредi. Ол заңды да, өйткенi салаласу, не сабақтасу 
амалдарының өзi бiр-бiрiмен байланысты, бiрi екiншiсiнен туып отыра-
ды. Мысалы: Жақсының жүрген жерi – базар, жаманның жүрген жерi 
–  азар.  Жақсы  жүрген  жерiн  мақтап  жүредi,  жаман  жүрген  жерiн 
даттап жүредi. Осындай мысалдарды жоғарыда көрсетілген құрмаласу 
тəсiлдерiнiң бiреуiне ғана жатқыза қою қиын.
Сондықтан да жоғарыда көрсетiлiп, топ-топқа бөлiнген жай сөйлем-
дердi құрмаластыру амал-тəсiлдерiнiң жеке-жеке түрлерi бұзылмайтын, 
бiр-бiрiмен  араласпайтын  форма  емес,  қайта  бұл  тəсiлдер  бiр-бiрiмен 
ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырады.
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  аналитикалық-синтетикалық 
тəсіл арқылы байланысуы
1 Жай сөйлемдердiң шылаулар арқылы құрмаласуы.
Жай сөйлемдегi бiр-бiрiмен құрмаластыруда септiгiн тигiзетiн құрал-
дың  бiр  тобы – шылаулар.  Жай  сөйлемдердi  салаластыруда  жалғаулық 
шылаулар,  сабақтастыра  құрмаластыруда  септеулiк  шылаулар  маңызды 
қызмет атқарады.
а) Бір кездегі лексикалық мағынасы бар (есімдіктер мен көмекші есім-
дер) сөздердің негізінде пайда болған жалғаулықтар жай сөйлемдердi бiр-
бiрiмен байланыстырып тек дəнекерлiк қызмет атқарып қана қоймайды, 
сонымен бiрге құрмаласып тұрған жай сөйлемдердiң мағыналық қатынас-
тарын  айқындай  түседi.  Жалғаулықтардың  құрмалас  сөйлемдерді  бай-
ланыстырудағы функционалдық ерекшеліктерін, шығу тарихы мен мор-
фологиялық  құрылымын,  мағыналық  ерекшеліктерін  айқындауға  ба-
йыпты талдау жасаған ғалым Р.Əмірдің «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» 
атты еңбегінде тіліміздегі жалғаулық шылауларға қатысты күңгірт мəсе-
лелердің біразының басы ашылады [37]. Жалпы тіліміздегі жалғаулықтар 
өз iшiнде төмендегiдей мағыналық топтарға бөлiнедi: 
а) себептiк қатынасты бiлдiретiн сондықтан, себебi, сол себептi, өйт-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет