Синтаксистік парадигмалар


Құрмалас  сөйлем  компоненттерiнiң  орналасу  тəртiбi



Pdf көрінісі
бет172/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Құрмалас  сөйлем  компоненттерiнiң  орналасу  тəртiбi.  Жай  сөй-
лем  құрамындағы  сөйлем  мүшелерiнiң  орналасу  тəртiбi  болатыны  си-
яқты,  құрмалас  сөйлем  компонентiнiң  орналасуында  да  белгiлi  қалып-
тасқан  тұрақты  заңдылық  болады.  Егер  бұл  заңдылық  бұзылса,  жай 
сөйлемдердiң  бiр-бiрiмен  байланысы,  сөйлемнiң  құрмаластық  қасиетi 
жойылуымен  қатар,  оның  ұғымы  ауырлап,  сөйлемдiк  қасиетi  кемидi. 
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орын  тəртібін  өзгерту  нəтижесінде 
олардың  арасындағы  мағыналық  қатынастың  бұзылып,  құрмаластық 
сипаттан айырылатыны жөніндегі пікір бұрыннан қалыптасқан [43, 169 
б.].  Бұл  пікірді  салалас,  сабақтас  құрмаластар  компоненттерінің  орын 
тəртібі жөнінде саралай айтқан Б.Сағындықұлының тұжырымы нақты-
лай түседі: Салалас сөйлем түрлерінің жеке сыңарлары тиянақты тұлғада 
келіп, алдыңғысы соңғысына бағынушы сыңар ретінде телінсе, сабақтас 
сөйлемнің  алдыңғы  компоненті  тиянақсыз  тұлғада  бағыныңқылық  си-
патты атқарады да, соңғы сыңары тиянақты тұлғада келіп, басыңқылық 
мəнге ие болады. Мұның өзі аталмыш сөйлем түрлеріндегі жай сөйлем-
дерді  құрмаластырудың  елеулі  тəсілі  болып  саналады.  Сыңарларының 
орын  тəртібін  ауыстыруы  жай  сөйлемдердің  бір-бірімен  байланысын 
жою ғана емес, кей кездерде мұндай сөйлем сөйлем болудан да айыры-
лады [44, 68 б.]. Автордың осы еңбегінде айтқан «сыңарлардың орнын 
бұзбау» дегенді мағынаға нұқсан келтірмеу деп түсінген жөн деген пікірі 
де орынды. Олай болатын себебі құрмалас сөйлемдер деп аталатын күр-
делі бірліктің құрылымдық, мағыналық сипаты əр алуан. Оның бірінде 
компоненттердің орнын ауыстырғаннан байланыс мүлде жойылып кетсе, 
енді бірінде оған нұқсан келмейді.
Қазақ  тiлiнiң  синтаксистiк  құрылымында  құрмалас  сөйлем  компо-
ненттерiнiң орналасуы төмендегiдей заңдылықтарға негiзделедi:
а) Препозиция. Тиянақсыз компонент бұрын, тиянақты компоненттерi 
кейiн айтылып, ойды тиянақтап, аяқтап тұрады.
ə) Постпозиция. Поэзиялық шығармаларда тиянақты, тиянақсыз ком-
поненттердiң орын тəртiбi өзгерiп, алмасып келуi де тiлiмiздегi қалыптас-
қан заңдылық болып табылады. 
б)  Интерпозиция.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнiң  тиянақсыз  компо-
ненттерi кейде тиянақты компоненттiң iшiнде келедi. Бiрақ бұл – тiлдегi 
сирек кездесетін құбылыс. Қалаға ол, күн төбеге көтерiлген соң, жет-
тi. Мұндай құрылымда айтылудан сөйлемнiң тек интонациялық жағына 
аздап өзгерiс енгенмен, оның компоненттерінiң байланысы мен мағына-
сындағы негізгі мəн сақталып қалады.
Функционалды  синтаксисте  орын  тəртібінің  атқаратын  рөлін
В.Е.Шевякова ағылшын тілі материалдары негізінде жүргізген экспери-
мент  нəтижесі  арқылы  көрсетеді: «Функционалды  синтаксисте  орын 
тəртібінің  атқаратын  рөлін  В.Е.Шевякова  қалыпты  орын  тəртібіне  не-
гізделген  сұраулы  сөйлем  мен  инверсияға  негізделген  сөйлемнің  инто-
нациясында  əуендік  интервалдардың  бірдей  болатындығын  ағылшын 
тілі  материалдары  негізінде  жүргізген  эксперимент  нəтижесі  бойын-
ша  дəлелдейді.  Бұдан  төмендегідей  қорытынды  шығарады:  бірдей  ин-
тонация  жағдайында  əртүрлі  орын  тəртібіне  негізделген  құрылымның 
өзіндік функциясы болады, бір жағдайда нақты жауап алу мүмкіндігінің 
болмауы, яғни сұраушы үшін «Иə» жəне «Жоқ» жауабын күту мүмкін-
дігі бірдей болса, екінші жағдайда сұраулық мəннің біршама төмендеуі, 
яғни нақты жауаптың күтілуі («Иə» жауабы – болымды сұраулық форма 
үшін, «Жоқ» жауабы сұраулық болымсыз форма үшін). Автор бұл тұжы-
рымдардың  контекст (мəнмəтін) пен жағдаятты талдау қорытындылары 
арқылы нақтыланғандығын айтады» [45, 94 б.]. 
Ағылшын тілі материалы негізінде келтірілген бұл жайт құрылымы 
өзге тілдер үшін де жат емес екендігі айтылып жүр. Төмендегі сөйлемге 
назар аударалық: Мырзабек менің оқуымды тастап кетуіме қарсы бол-
ды (Ə.Нұршайықов). Менің оқуымды тастап кетуіме Мырзабек қарсы 
болды. 


190
191
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Айтылу  интонациясы  да,  сөйлемдегі  сөздердің  грамматикалық  фор-
маларында  да  айырмашылық  жоқ,  сөйлем  арқылы  берілген  жалпы  ой 
да бірдей. Айырмашылық – сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі мен ай-
тушының  ішкі  интенциясында,  соған  сəйкес  сөйлемнің  семантикасын-
да.  Алғашқы  сөйлемде  автордың  айтпағы – оқуды  тастап  кетуге  қарсы 
болғандығы туралы болса, екінші сөйлемдегі негізгі мəн – осы əрекетке 
тікелей Мырзабектің қарсы болуы. Сөйлемді коммуникативті аспектіде 
қараумен байланысты айқындалатын бұл мəселе құрмалас сөйлемдерге 
де қатысты.
Кедей үй Түркістанға көшіп келгесін де, жоқшылық бейне көлеңкедей 
ұласып қыр соңынан қалмады (Д.Досжанов). Тұншығып өлмесін деп, тө-
беден ауа жіберуге мына бұрғыларды əкелдім (Ғ.Мұстафин).
Сөйлемде берілген жалпы ойды сақтай отырып, компоненттердің ор-
нын ауыстырып көрейік:
Жоқшылық бейне көлеңкедей ұласып қыр соңынан қалмаған соң (қал-
май қойды), кедей үй Түркістанға көшіп келді // Жоқшылық бейне көлең-
кедей ұласып қыр соңынан қалмай қойды (қойып), кедей үй Түркістанға 
көшіп  келді.  Төбеден  ауа  жіберуге  мына  бұрғыларды  əкелдім,  əйтпесе 
тұншығып  өлуіміз  мүмкін // Төбеден  ауа  жіберуге  мына  бұрғыларды 
əкелгендіктен, тұншығып өле қоймаспыз.
Баяндауыш  формасын  өзгерту  арқылы  пайда  болған  сөйлемдердің 
компоненттері  арасындағы  қатынас  бастапқы  сөйлемдегіден  өзгеше. 
Бастапқы  сөйлемдердегі  мезгіл  жəне  мақсат  мəнді  құрмаластар  кейінгі 
сөйлемдерде себеп, шарт мəнді құрмаластарға ауысады.
Сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тəртібі конситу-
ацияны,  сөйлеушінің  тілдік  қатынас  кезіндегі  белгілі  бір  күйін  айқын-
дауға мүмкіндік береді, соған сəйкес компоненттер арасындағы қатынас 
пен  сөйлем  семантикасында  болатын  өзгерістерге  өз  ықпалын  тигізеді 
деп қорытынды жасауға болады. 
Ғалым  Р.Əмір  құрмалас  сөйлем  жүйесінде  актуализациялау  компо-
ненттерді  орналастыру  тəртібінен  көрінетіндігін,  сөйтіп  құрмалас  сөй-
лемнің  компоненттері  үш  түрлі  орын  тəртібі  бойынша  орналасатынын 
көрсетеді:
1) базистік орын тəртібі;
2) кірігу тəртібі;
3) инверсия тəртібі [46, 13 б.]. 
Ғалымның мақала көлемінде айтылған осы пікірі үлкен ойға жетелей-
ді.  Расында  да  сөйлеуші  сөйлемді  айту  барысында  сөйлем  мүшелерін, 
компоненттерді  белгілі  бір  тəртіппен  орналастырады.  Бұл – кездейсоқ,
адам  санасынан  тыс  болатын  құбылыс  емес.  Сондықтан  сөйлем  жү-
йесіндегі  орын  тəртібі  мəселесі  белгілі  бір  коммуникативтік  талаптан, 
айтушының ой жеткізу мақсатынан туындаған құбылыс деп санауымыз 
керек. Айталық:
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда 
қалған аттың бір ескі тағасы жатыр екен (Ы.Алтынсарин).
Автордың сөйлем компоненттерін осылай құрудағы басты мақсаты – 
алдымен, əкелі-балалы екеудің жаяу келе жатқанын баяндау, содан кейін 
тыңдаушы назарын жаңа оқиғаға аудару – жолда ескі тағаның жатуы. Бұ-
дан əрі оқиға осы ескі тағаға байланысты өрбиді. Ал егер айтушы үшін 
маңыздырағы – əкелі-балалы  екеудің  жаяу  келе  жатқанда  көруі  болса, 
сөйлем компоненттері басқаша орын тəртібіне ие болады: Жолда қалған 
аттың бір ескі тағасы жатыр екен, оны бір адам он жасар баласын 
ертіп, егіннен жаяу келе жатқанда көреді.
Осылайша компоненттердің де, сөйлем мүшелерінің де орнын ауыс-
тыру арқылы айтушы мақсатына сəйкес сөйлем мəнін құбылтып айтуға 
болады. Сондықтан профессор Р.Əмірдің пікірін қолдай отырып, құрма-
лас  сөйлемдегі  компоненттердің  орын  тəртібін  базистік,  кіріккен  жəне 
инверсияланған  деп  бөлеміз.  Ең  бастысы – бұлардың  қай-қайсысы  да 
коммуникативтік талапқа сай туындайтындығы.
Құрмалас сөйлем компоненттерiнiң орналасуында белгiлi бiр тəртiптiң 
болуының өзiндiк бiр себептерi бар. Өйткенi құрмалас сөйлем компонент-
терiнiң баяндауыш формасы, интонациясы жəне мағыналық қарым-қаты-
настары жағынан өзара тең емес жəне сөйлем аяқталған ойды бiлдiретiн-
дiктен, тиянақты компонент сөйлем соңында тұруы шарт. Бұл жағдайлар 
құрмалас сөйлем компоненттерiнiң орын тəртiбiнiң тұрақтылығын жəне 
жай сөйлемдi құрмаластыруда шешушi рөл атқаратынын көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет