188
189
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Сол себепті бұл жерде байланысқан-байланыспаған сөйлемдер деп
аталып жүрген сөйлеу компоненттерінің интонациялық ерекшеліктерін
есепке алу біршама қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сөйлемнің
екі типі де түрлі лингвистикалық бірліктерге жатады. Сөйтіп құрмалас
құрамындағы интонация, бір жағынан, компоненттер жігін бір-бірінен
ажыратып көрсетуші, екінші жағынан, компоненттерді бір-бірімен бай-
ланыстырушы тəсіл ретінде танылады.
Компоненттер арасындағы интонация, интонациялық пауза мағына-
лық қатынасты ажыратушы басты тұлға болмағанымен, келесі компо-
ненттің мағыналық сипатын анықтайтындай ескерту сигналы қызметін
атқаратындығын көптеген ғалымдар көрсетіп жүр. Сонда құрмалас сөй-
лемнің интонациялық ерекшелігі деп төмендегідей тұжырым жасауға
болады: құрмалас сөйлемдер коммуникативтік бірлік ретінде интонация-
лық жағынан тиянақталған құрылым. Сөйлеуші мақсатына сай ол хабар-
лы, сұраулы, бұйрықты сөйлем интонациясымен айтылады. Құрмалас
сөйлемнің алғашқы компоненті тиянақсыз интонемамен беріліп, соңғы-
сымен салыстырғанда кең тоналды диапазонда айтылады. Соған сəйкес
алдыңғы компонент тиянақсыз сипатта болып, ал келесі компонент дер-
бес жай сөйлемдерге тəн интонациялық сипатқа ие болады. Құрмалас
сөйлемнің интонациялық ерекшелігі деген мəселеде бір сөйлемде бірне-
ше интонациялық ерекшеліктің шоғырлануын көрсетуге болады (айта-
лық: бірінші компонентте – хабарлау, екіншісінде – сұрау интонациясы
немесе керісінше, т.т.).
Достарыңызбен бөлісу: