Синтаксистік парадигмалар


Атрибутивтік  қатынастағы  құрмалас  сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет200/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Атрибутивтік  қатынастағы  құрмалас  сөйлемдер.  Құрмалас  сөй-
лемдер компоненттерінің бірінші компоненті оқиға, құбылысты жалпы-
лау мəнінде хабарлайды да, кейінгі компоненттер оны айқындап, нақты-
лап,  суреттеп  хабарлайды,  соның  нəтижесінде  компоненттер  арасында 
атрибутивтік қатынас түзіледі.
Синтаксистік қатынастардың ішінде атрибутивтік қатынастағы тіркес-
тердің  алғашқы  сыңары  екінші  сыңардағы  заттың  анықтауышы  ыңға-
йында  келеді.  Атрибутивтік  қатынастың  мұндай  сипаты  құрмалас  сөй-
лем компоненттерінен де көрініс табады. Зат атауы мен оның белгісінің 
арасындағы байланыстан туындайтын бұл қатынас түрі құрмалас сөйлем 
компоненттері арасында өзіндік ерекшелікке ие.
1) Компоненттер құрамында қандай (І) – сондай (ІІ) есімдіктер жұбы 
қолданылады  немесе  І  компоненттегі  қандай  есімдігімен  атрибутивтік 
қатынастағы есім сөздердің мəні екінші компонентте ашылады: Өзі қан-
дай көрікті болса, сөзі де сондай келісті. Оның досы Ғафу қандай ақын 
болса, Ізтай содан кем болмаған (Қ.Мұханбетқалиұлы).
2) Алғашқы компонент құрамындағы зат есімнің не есім мəнді сөздің 
сыны  ретінде  мынадай,  сондай  сөздері  қолданылады  да,  келесі  компо-
нентте сол сөздердің мəні ашылады: Жаны сондай сұлу еді, қасына барып 
ерсі сөз айта алмайсың. Мынадай жағдай болады: сіз туған өлкеңізді 
көп кезесіз (З.Қабдолов).
3)  Атрибутивтік  қатынастағы  құрмалас  сөйлемнің  алғашқы  компо-
нентінің баяндауышы үнемі есім не есім мəнді өзге сөздерден жасалады 
деп  пікір  түюге  болмайды.  Тілдік  мəнбірлер  атрибутивтік  қатынастағы 
құрмаластардың алғашқы компонентінің баяндауышы етістіктен, құрама 
баяндауыштардан жасалатынын да нақтылайды.
Мысалы:
Сондай оқиға біздің басымызда да болды, жап-жас екі қыз бас-аяғы 
он  минуттың  ішінде  біраз  қаражатымызды  олжалап  үлгерді  (газет-
тен). Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған: бір-бірімен таласа көп 
қабатты  үйлер  бой  көтерген  (газеттен).  Асқар  түс  көріпті:  түсінде 
əкесі биік жардан құлап түсіпті (З.Шашкин).
1)  Алғашқы  компонент  құрамындағы  заттық  мəндегі  бастауыштың 
анықтауышы  ретінде  мəні  келесі  компонентте  ашылатын  сын,  мөлшер 
мəніндегі сөздер қолданылады: 
Қазақ  халқының  шақырмасаң  да  баратын,  қусаң  да  кетпейтін  екі 
жиналысы бар: біреуі - сайлау, əсіресе болыс сайлауы (С.Шаймерденов). 
Ғажап оқиға болды: бір жарым айдай əн айтпаған Əміре шырқап еді, 
бəріміз жылап жібердік (М.Иманжанов). Өмірдің өз заңы бар екен, қуа-
ныш пен қайғы үнемі алмасып жатады (Н.Ғабдуллин).
Түркі тілдерін зерттеуші ғалымдар шылаулардың компоненттер ара-
сындағы мағыналық қатынасқа тигізетін ықпалын дəлелдей келіп, шы-
лаусыз  байланыста  олардың  байланысуының  төмендегідей  тəсілдерін 
көрсетеді:
– құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарындағы баяндауыштың лек-
сикалық мəні;
– құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарындағы баяндауыштың мор-
фологиялық құрамы;
– интонация;
– жанама-сұраулық конструкция [63, 515 б.]. 
Аталған  тұжырым  тілдік  мəнбірлер  негізінде  түркітанушылар  тара-
пынан қолдау тапты, оны қазақ тілінің материалдары да дəлелдей түседі. 
Алайда құрмаластың кейбір түрлері, мысалы атрибутивтік қатынастағы 
құрмаластарда  компоненттер  арасындағы  мағыналық,  функционалдық 
қатынасты  айқындауда  бір  сыңардың  лексикалық  не  морфологиялық 
құрамын басшылыққа алу жеткіліксіз екендігі байқалады. 
Атрибутивтік қатынастағы құрмаластарды анықтаудың өзіндік бел-
гісі  бар.  Əдетте  адвербиалдық  қатынастағы  құрмаластарды,  əсіресе, 
бағыныңқылы  құрмаластарды  ажыратуда  басыңқы  сыңардан  сұрақ 
қойып,  қос  сыңардың  арасындағы  грамматикалық  қатынасты  ажыра-
тамыз.  Жоғарыдағы  мысалдардан  байқағанымыздай,  атрибутивтік  қа-
тынас салалас құрылымдарда да, сабақтас құрылымдарда да орын ала-
ды.  Біздіңше,  компоненттер  арасындағы  грамматикалық  қатынасты 
ажыратуда  бір  сыңарды  басшылыққа  алу  дұрыс  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік бере бермейді. Жоғарыдағы сөйлемдерді атрибутивтік қаты-
настағы  сөйлем  деп  тануға  негіз  болған – екінші  компоненттің  мəні. 
Осы  жерде  атрибутивтік  қатынастағы  құрылымдардың  тағы  бір  ерек-
шелігі шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет