Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет273/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Сілтеу есімдіктерінің сөйлемдегі ойды тиянақсыз, контекске тəуелді 
етуінің  жəне  аяқталған  сөйлемдерді  байланыстыруының  өзіндік  ерек-
шеліктері бар. Бұлар анафоралық та, эпифоралық та бағытты нұсқай ала-
ды. Анафоралық сілтеу есімдіктеріне мысал:
Труба түбіндегі жапырық тас үй – мехцех. Бұл - əншейін келешегіне 
қарай қойылған ат, əйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ. Темір дөң-
гелектер, шестерняның сынығы, тот жеген кішкентай вагонеткалар, 
винттер, бірен-саран локомобильдер тағы осылар сияқты ескі-құсқы-
лардан өзге іліп алар ештеңе табылмайды. Ағылшын заманынан қалған 
мұралардың сиқы осы (Ғ.Мұстафин).
Бұл  синтаксистік  күрделі  бірліктің  бірінші  сөйлемі  мен  екінші  сөй-
лемін байланыстырып тұрған – бірінші сөйлемдегі мехцех сөзінің екінші 
сөйлемде бұл есімдігімен қайталанып тұруы. Ал соңғы сөйлемдегі осы 
есімдігі осы сөйлемде алдыңғы сөйлемдерде бейнеленген көріністердің 
орнын басып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет