Синтаксистік парадигмалар


бар, жасы бар үй тола адам



Pdf көрінісі
бет276/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   374
бар, жасы бар үй тола адам келгеннен жүз ашып сөйлескен жоқ. Өлікке 
жиналғандай бəрі түнеріп, түйіліп отыр (Б.Тоғысбаев).
Бұл  үзіндіде  синсемантикалы  соңғы  сөйлемде  бəрі  есімдігі  бірінші 
сөйлемнің бастауыштары “ел ағалары мен үлкендері” жəне екінші сөй-
лемдегі  күрделі  бастауыш  “ішінде  кəрісі  бар,  жасы  бар  үй  тола  адам” 
тіркесінің орнын басып тұр.
Өздік есімдігі тəуелдік тұлғада қолданылатындықтан алдыңғы кон-
текстегі сөйлем құрамындағы зат я құбылыс атауын өзіне «тартып» тұра-
ды. Мысалы:
Қырын қарап отырған əкесінің үлкен кесек пішіні Абайға жартылай 
ғана көрінеді. Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып 
алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр (М.Əуезов).
Бұнда  соңғы  сөйлемдегі  өздік  есімдігі  бірінші  сөйлемде  ілік  септік 
тұлғасындағы  меншіктік  анықтауыш  болып  тұрған  сөздің («Əкесінің») 
орнына жүріп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет