Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет278/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Алқа мүшелері келеді! Əрқайсысы өзіне тиесілі, үйреншікті орында-
рына жайғасады (А.Х.Мархабаев).
Бұл мысалдағы соңғы сөйлемнің «əрқайсысы» белгісіздік есімдігінің 
ықпалымен алдыңғы сөйлемге тəуелді болып тұрғанын көру қиын емес.
Дей тұрғанмен, белгісіздік есімдіктерінің түгелдей сөйлем синсеманти-
касына ықпал ететіні байқалмайды, байқалса да, көмескі сезіледі. Айта-
лық, əлдеқашан, əрбір, кейбіреу, əрнəрсе, бірнеше, біраз т.с.с. есімдік-
тердің  синсемантикасын  байқау  қиын.  Дегенмен  белгісіздік  есімдік-
терінің  дербес  сөйлемдегі  ойды  контекске  сабақтастыратын  жайттары 
кездесіп тұрады. Мысалы:
Бас қолбасының пайымдауынша, қазір қазаққа жетіспейтін бірнəрсе 
бар. Ол – сенім (Қ.Жұмаділов).
Осы мысалдан байқап тұрғандай, белгісіздік есімдік өзінен кейінгі бо-
латын зат пен құбылысқа нұсқап тұрады, яғни эпифоралық дейксис си-
патында. Қарапайым айтқанда, əуелі белгісіз зат я құбылыс беріледі де, 
кейін ол нақтыланылады. Ой ағымының табиғаты да солай: белгісіздік-
тен белгіліге, дерексіздіктен нақтылыққа ұмтылады. Сонымен, бұл мы-
салда белгісіз «бірнəрсе» келесі сөйлемде нақты айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет