Синтаксистік парадигмалар


Предикация мөлшер мəнді есім (модаль) сөзден жасалған сөйлем



Pdf көрінісі
бет335/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Предикация мөлшер мəнді есім (модаль) сөзден жасалған сөйлем
Оның  екінші  нұсқасында  да  сол  сөз  (аз)  жаңа  мағына  əкелетін  компо-
ненттің (реманың) құрамына кіріп отыр. 
 «Мағына құрылымға əсер етіп тұра ма?» деген сұрақ туады. Жоғары-
да айтқанымызға қайта оралайық:
Күн суық
Қар көп
Суық күн
Көп қар
Бұл құрылымда актуалды мүшеленудің мүмкіндігі қандай? Шектел-
ген  бе?  Ол  сөйлемнің  мағыналық-синтаксистік  құрылысына  байланыс-
ты ма?
Сөйлемнің  грамматикалық  құрылысы  мен  актуалды  мүшеленуінің 
арасындағы  қатынас  алуан  түрлі.  Сөйлемнің  қолданымдық  парадигма-
ларының  алғашқы  құрылымын  анықтауда  ауыстырылатын  компонент-
терінің категориалдық мағынасы, олардың берілу əдісі жəне синтаксистік 
байланыстарының сипаты ерекше мəнді болады. 


414
415
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Актуалды  мүшелену  екі  жағдайға  байланысты  болады: 1) сөйлем-
нің мағыналық-синтаксистік құрылысына; 2) мəтіндік қоршауға немесе 
сөйлеу  жағдаятына.  Мысалы:  «Ой-й,  қандай  суық  күн!»  дегенде  атау-
лы  сөйлем  болмай,  бөлшектенген  екіқұрамды  сөйлем  болып  тұр.  Рема 
бірінші позицияда тұр. 
Сөйлемді  қолданыста  пайдалану  немесе  актуалды  мүшелену  мүм-
кіндіктері сөйлемнің семантикалық-синтаксистік құрылымы арқылы ай-
қындалады. Хабар-мəліметті толық түсіну үшін сөйлемнің жалпыланған 
мағынасына, типтік мəніне, сондай-ақ контекстік қоршауына назар ауда-
ру керек.
Құрылымдық аспектіде қарастырғанда біз мəтіннен бөлініп алынған 
жеке сөйлемді зерттейміз. Бұл жағдайда оның қызметі белгілі бір типтік 
мағынаны білдірудің құрылымдық-синтаксистік тəсілі ретінде бағалана-
ды. Ал сөйлеуде сөйлем белгілі бір тұтастықтың бөлшегі ретінде, соның 
бір тетігі ретінде қосымша қызметтерге ие болады. Ол өзі сияқты басқа 
сөйлемдермен  белгілі  бір  құралдар  арқылы  байланысады,  ол  құралдар 
бүтіннің құрамындағы əр сөйлемде болады. Олардың ішінде, сөзсіз, сөй-
лемнің айтылу интонациясы мен сөйлемдегі сөздердің орналасу тəртібі 
де бар. В.В.Виноградов: «... сөйлем өзінің құрамы мен сөздердің орна-
ласу тəртібінің жəне интонацияның бірлігі ретінде өмір сүреді», - деген 
болатын [4].
Зерттеушілер  сөйлемді  ұйымдастырудың  ажырамас  элементтерінің 
қатарына интонация мен сөздердің орналасу тəртібін жатқызады [5]. 
Нақты сөйлеу жағдаятында сөйлемнің құрылымдық үлгісі интонация 
мен сөздердің орналасу тəртібіне қарай əртүрлі өзгерістерге, күрделену-
лерге ұшырайды.
Бұл өзгерістердің түп төркіні сөйлемнің қосымша жұмсалымдық қыз-
меттерінен  туындайды.  Ол  қосымша  қызметі  сөйлеушінің  неге  ерекше 
мəн беретіндігіне, басқаша айтқанда, айтылыста айтылатынның өзектілі-
гіне байланысты болады, бұдан өзге белгілі бір жағдайларда айтылыстың 
экспрессивтік-бағалауыштық қызметі де болады.
«-  Құдай  сенің  төбеңнен  ұрсын  да,  сен  көріңде  өкіріп  жат! – деді 
Жұман.
Мұны айтпауына болмай да қалып еді... Төрт көк арбамен шөп алғы-
зыпты  да,  қырық-елу  атты  сол  шөпке  байлатып  қойыпты  Игілік!..» 
(Ғ.Мүсірепов).
Берілген  мəтінде  үш  сөйлемнің  алдыңғысы  Жұманның  аузынан 
шыққан сөзі ретінде экспресcивтік мəнге ие екендігі оны құрап тұрған 
сөздердің  мағынасынан  өзге  интонацияның  айрықша  қарқынмен  шы-
ғуынан байқалады. Автор сөзі ретіндегі екінші айтылыс біршама бейта-
рап мағынаны береді. Соған орай дауыс ырғағы мен сөздердің орналасуы 
да  бірқалыпты,  дағдылы  орналасу  ретіне  ие.  Үшінші  айтылыста,  əдет-
те  қалыпты  жағдайда  басында  орналасуға  тиіс  іс-əрекеттің  субъектісі 
(Игілік)  айтылыстың  ең  соңына  жылжыған.  Бұл – Жұманның  көзімен 
қарағанда Игіліктің ерекше іс-əрекет жасауынан туындаған жай. Осыған 
байланысты  Жұманның  бойындағы  бүкіл  қызғаныш,  ашу-ызаны  беру 
үшін жазушы инверсия жасаған, яғни ремадан гөрі айтылыстың темасы 
(Игілік) басымдыққа ие болып тұр.
Сөйлеуші  сөйлеу  жағдайында,  əдетте,  өз  ойын  белгіліден  белгісізге 
қарай біртіндеп дамытады. Бұл ойлаудың жалпы логикасына сай келеді. 
Сөзді  қатысымдық  міндетіне  сай  зерттеуші  мəтіндегі  бұл  құбылысты 
айтылыстың  актуалды  мүшеленуі  тұрғысынан  қарастырып,  сөйлеушіге 
бұрыннан белгілі жайды «тема» терминімен, ал белгісіз жайды «рема» 
терминімен атайды [6]. Белгілісі (тема) əдетте айтылыстың басқы бөлі-
гінде, белгісізі – енді хабарланатыны (рема) айтылыстың соңғы бөлігінде
орналасады. Сөйлеуші нені хабарлауды маңызды санаса, соны айтылыс-
тың  соңына  таман  орналастырады  да,  соған  екпін  түсіре  баяндайды. 
Осыған  байланысты  айтылыстың  құрылысы  жəне  оның  интонациясы 
анықталады.
Демек,  айтылыстың  актуалды  немесе  Г.А.Золотованың  сөзімен  айт-
сақ,  композициялық-синтаксистік  мүшеленуінің  көрсеткіші  логикалық 
екпін екен. Қазақ тілінің ерекшелігі (орыс тілімен салыстырғанда), ло-
гикалық екпіннің түсуі айтылыстағы сөздердің орналасу тəртібімен тіке-
лей байланысты. Егер орыс тілінде логикалық екпін сөйлеушінің оның 
тұрған  орнына  қарамастан  қай  сөзге  мəн  беруіне,  оны  өзектендіруіне 
тікелей байланысты болса, қазақ тілінде екпін сөйлем соңындағы баян-
дауышқа  өзінің  алдында  тұрған  сөзімен  бірге  (баяндауыштық  мағына-
лық топқа) түседі. Осыған байланысты қазақ тілінде қалыпты жағдайда 
сөйлемнің грамматикалық құрылымына қатысымдық (коммуникативтік) 
құрылымы сəйкес келеді. Ол мынадан көрінеді: əдетте сөйлемнің баян-
дауышы  сөйлемді  тиянақтап  соңғы  жағында  орналасады  да,  бастауыш 
сөйлемнің бас жағында орналасады. Қатысымдық мақсаттылығы тұрғы-
сынан да айтылыс мазмұнының коммуникаттарға алғашқы айтылыстар-
ден  (мəнмəтіннен)  немесе  жағдаяттан  таныс,  белгілі  болып  тұратын
бөлігі бұрын орналасады да, енді хабарланатын жаңа мəлімет соңынан 


416
417
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
айтылады. Сондықтан айтылыстың бастауышына (бастауыштық мағына-
лық топқа) тема сəйкес келсе, баяндауышына (баяндауыштық мағыналық 
топқа) рема сəйкес келеді. Мысалы: 
«Мəриям  /көп  сөйледі,  Мəриям  сөйлеген  сайын  Раушан/  елжіреп, 
Мəриямның аузына қараумен болды...» (Б.Майлин).
Алайда  айтылыстың  қатысымдық  құрылымы  мен  грамматикалық 
құрылымы  үнемі  сəйкес  келе  бермейді.  Мысалы,  «Алматының  эколо-
гиялық жағдайы ауыр. Əсіресе, кешкілікте оған қарау өте аянышты». 
Екінші сөйлемде рема – «əсіресе, кешкілікте», тема – «өте аянышты», 
яғни рема темадан бұрын орналасқан.
Ескеретін жай: нақты сөйлеу үдерісінде, дискурста екпін (рема) сөй-
леушінің  неге  көңіл  аударып,  нені  айтқысы  келетініне  (тұрған  орнына 
қарамастан)  қарай  түседі.  Сөйлемдегі  негізгі  ойға  қойылатын  сұрақ  та 
соны білдіреді:
«Айгүл мектепте əдебиетті сүйіп оқыды» (нені?);
«Айгүл мектепте əдебиетті сүйіп оқыды» (кім?);
«Айгүл мектепте əдебиетті сүйіп оқыды» (қашан?) 
Егер бірінші айтылыс Айгүлдің нені сүйіп оқитынын айтуды мақсат 
етіп құрылса, екіншісі мектепте əдебиетті кімнің сүйіп оқитынын жет-
кізуге  арналған.  Үшіншісі  Айгүлдің  əдебиетті  сүйіп  оқитын  кезін  (қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет