Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет336/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

шан? Қай кезде?) нақтылауға құрылған.
Ал  айтылыстар  есім  баяндауышқа  құрылса,  реманың  орны  тұрақты 
болады:  есім  баяндауыштар  айтылыстың  соңында  келетіндіктен  олар 
рема болады да, оны анықтауға орын тəртібі қызмет етеді.
Айгүлдің мектепте сүйіп оқығаны – əдебиет.
Айгүлдің əдебиетті сүйіп оқыған кезі – мектепте.
Мектепте əдебиетті сүйіп оқыған – Айгүл.
Сонымен, айтылыстың актуалды мүшеленуіне оның грамматикалық 
мүшеленуі  тірек  болады.  Өйткені  айтылыстың  актуалды  мүшеленуі-
не негіз болатын құралдар – интонация мен сөздердің орналасу тəртібі, 
басқа  да  тілдік  құралдармен  бірлікте  ең  алдымен  айтылыстың  грамма-
тикалық құрылымын ұйымдастырады. Егер айтылыстың грамматикалық 
құрылымы  біріктірушілік,  тұтастырушылық  қызмет  атқарса,  қатысым-
дық  құрылымы  керісінше  ой  қозғалысының  барысын  бөліп  көрсетіп, 
ажыратушылық рөлде болады [3, 338 б.].
Жалпы, кез келген сөйлем, мəнмəтін актуалды мүшелену тұрғысынан 
əрдайым екі бөліктен тұрмайды. Олай болу қарапайым ұйымдасқан сөй-
лемдер  мен  мəнмəтіндерге  тəн.  Көбінесе,  мəтінде  актуалды  мүшелену 
оның  композициялық-синтаксистік  ұйымдасуын  бейнелеп,  анағұрлым 
күрделі, сатылы жəне өзара бағыныштылық сипатқа ие болып келеді.
Сөйлемнің синтагматикалық бөлінісі үш жəне одан да көп болып кел-
генде, оның екі бөлігі ғана осы сөйлемдегі тема мен ремаға сəйкес ке-
леді, қалғандары мəтіндегі алдыңғы сөйлемдердің темалары (Т
1
, Т
2
 т.с.с.)
болып,  олар  мəтіннің  басқа  композициялық-синтаксистік  бірліктеріне
сəйкес келуі мүмкін. Мысалы: «Мен 
(т) 
\ үйге келсем, Əбдірахманның 
(р)
 
қаладан келгенін есітіп үйдің іші қуанып отыр екен. Шұғаның халін 

1
)
 
көріп қайғырып қайтсам, \ Əбдірахманның 
(т) 
келгенін есіткен соң \ тасып 
(р)
 кеттім. Менің қуануым 
(т) 
\ ынтық болып жатқан Шұғаға 

1

\ Əбдірах-
манды əкеліп бір көрсету еді 
(р)
» (Б.Майлин).
Бұл мəтіннің композициялық-синтаксистік құрылымы əңгімелеу типі-
не  тəн.  Бірінші  сөйлем  тема  (мен)  мен  ремаға  (қалғандары)  жіктеледі. 
Екінші  сөйлемде  актуалды  мүшеленудің  үш  компоненті  бар,  олардың 
біріншісі алдыңғы мəтіндермен белгілі бір тема (Т
1
) болса, қалғандары 
осы  сөйлемнің  темасы  (Т)  мен  ремасынан  (р)  тұрады.  Үшінші  сөйлем 
де үш бөліктен тұрады, оның біріншісі осы сөйлемнің темасы (Т), орта-
да актуалдылығы əлсіз орында тұрған алдыңғы мəтіндерден белгілі жай 

1
), сөйлемнің соңында актуалдылығы белсенді орында тұрғаны – рема 
(Р). Кесте түрінде бйнелесек: ТТ
1
Р.
«Кеңестік кезеңде \ жылдық жоспарды орындау \ қатаң бақылауда 
болатын» (газеттен).
Бұл сөйлемдегі үш құрылымдық-мағыналық (синтагматикалық) ком-
понент мəнмəтінмен байланысы тұрғысынан алғанда үш сатыны құрай-
ды. Мəнмəтінде жылдық жоспардың орындалуының кеңестік жəне қазір-
гі кездегісі салыстырылып отыр. Демек, «жылдық жоспардың орында-
луы» бұрынғы берілген тема (Т
1
), ал «кеңестік кезеңде» осы сөйлемнің 
темасы (Т), «күн тəртібінен түспейтін» - жаңа нəрсе (Р), сөйлем осыны 
айту үшін құрылған.
Күрделірек  ұйымдасқан  сөйлемдерде  өзектілікке  ие  бірнеше  құры-
лымдар болуы мүмкін. Мысалы, «Қораның төңірегі \ тап-таза. Аран-
ның түкпірінде \ буы бұрқырап, \ екі ат суып тұр» (Ж.Аймауытов). Ал-
ғашқы сөйлем тема мен ремаға бөлінсе, екінші сөйлемде тема («Аранның 
түкпірінде») мен екі рема бар («буы бұрқырап» жəне «екі ат суып тұр»).
Немесе:  «Ақсақал 
(т)
 \ аттарын  діңгекке  байлатып 
(р)
,  етегін 
қамшымен бір қағып 
(р)
, қақырынып 
(р)
, теріскей жақтағы кішкене есік-
тен 
(р)
 байдың қорасына кірді 
(р)
» (Ж.Аймауытов).
Бұл сөйлем бір тема, бес ремадан тұрады.


418
419
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет