434
435
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
шығарады. Ал құрылымдық-мағыналық компоненттері тұрғысынан тал-
дау көп жайдың бетін ашады.
Мəтінді құрғанда автор, ең алдымен, белгілі бір мағына беруді көз-
дейді, сондықтан ондағы сөйлемдер мағыналық бірлікте болуы керек. Ол
мағыналық бірлік қандай тілдік құралдар арқылы бейнеленеді? Міндет
– осыны анықтау.
Алдымен, жазушы (не сөйлеуші) белгілі бір мазмұнға сəйкес син-
таксистік модельдерді (сөйлем үлгілерін) таңдайды: қимылды хабарлау
үшін етістік предикаттан құралған сөйлемдерді, ал заттар мен олардың
сапаларын суреттеу үшін есім (зат, сын) сөзді предикаттардан құралған
сөйлемдерді құрастырып, одан əрі мəтін (не оның үзіктерін) түзу үшін
сөйлемдерді өзара байланыстырады.
Актуалды мүшеленудің санаттары – тема мен рема (белгілі мен жаңа)
- сөйлемнен сөйлемге ауысатын ой байланысын, мəтінішілік байланыс-
ты жүзеге асырушы басты санаттардың бірі. Реманың рөлін анықтау
үшін əр типті мазмұнға ие мəтіндердегі өзіне логикалық екпін түсіріп
тұрған сөздерге көңіл аударайық:
«Алба-жұлба қараша үйдің сырт жағынан қарасаң, іші өртеніп
жатыр ма дейтінсің, түтіні бұрқырап шығып жатыр. Үйдің орта-
сында үлкен қара қазан, астында заулап жанған от; қазанның ішінде
бір үйріліп, бір бұзылып қайнап жатқан сабын; Төменгі жаулықпен
басын тұмшалап орап алып, маңдай терісі тыржиып терлеп-тепшіп,
Айнабайдың Зейнебі сапты қалақпен сабын былғап жатыр» (Б.Май-
лин).
Негізгі мағына арқалап тұрған сөздер (оларға логикалық екпін түсіп
тұр) грамматикалық-мағыналық біркелкілігі жағынан ерекшеленеді.
Мəтінде жалпы көріністің жекелеген компоненттері (заттар) санамалай
берілген. Мəтін, əдетте, суреттеуге құрылған жағдайда осылай болады.
Осыған сəйкес, сөйлемдер де бірдей белгілерге ие (асты сызылған, заттық
мағына арқалаған сөздер ол сөйлемдердің ремалары болады). Алғашқы,
соңғы сөйлемдер етістікті сөйлемдер болғанмен, оларда негізгі көңіл
бөлінетін жайлар – қимыл емес, қимылдың көзі болып тұрған заттар (үй,
үйдің іші, түтін, Айнабайдың Зейнебі). Олар да ортадағы эллипсистен-
ген сөйлемдер сияқты затты бейнелеуге қызмет етеді. Мұндай сөйлемдер
эллипсистенбей, етістікті болып құрылғанда да бəрібір қимылды емес,
зат, құбылыстарды бейнелеуге (суреттеуге) арналған болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: