сыңқы есім сөз; бағыныңқы-басыңқы етістік сөз. Құрамына қарай сөз тіркестерінің схемаларына бірнеше мысал: зат
есім – зат есім (темір күрек), сын есім – зат есім (үлкен үй), сын есім –
етістік (жақсы оқу), үстеу – етістік (бұрын көру), көсемше – етістік (күліп сөйлеу), зат есім – етістік (кітап оқу) т.с.с.
Байланысу тəсілдері мен түрлеріне қарай қазақ тілінде үш типті схема
бар:
1) қабыса байланысқан сөз тіркестері;
2) матаса байланысқан сөз тіркестері;
3) меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.
Сөйлемнің схемасы сөйлем құраудың басты жолы, сөйлемнің маңы-
зды сипаты болып табылады. Өйткені синтаксис əрбір жеке нақты сөй-
лемді бөлек-бөлек зерттей алмайды, сөйлемдерді типтендіруге ұмты-
лады. Қазақ тіл білімінде анықталған екіқұрамды сөйлем, бірқұрамды
сөйлем, жақты жəне жақсыз сөйлемдер, етістік жəне есімді сөйлемдер,
жалаң жəне жайылма сөйлемдер, толымды жəне толымсыз сөйлемдер,
жай жəне құрмалас сөйлемдер – осының айғағы. Сөйлемдер лексика-
лық құрамы жағынан əртүрлі болуы мүмкін, алайда олар құрылымдық
жағынан бір үлгімен құрылады, бұл тұста басты назар тұрлаулы мүше-
лердің тұрғысына аударылады. Мəселен, «Белгісіз бір дүлей күш қол- аяғымды матап, тіптен ойыма да құрсау салып тастаған сияқты», «Абай – пайғамбар» деген екі сөйлем лексикалық құрамы жағынан əр-
түрлі болғанымен, бастауышы мен баяндауышы болғандықтан бірдей үл-
гідегі екіқұрамды сөйлемге жатқызылады.
Ал сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелер сол сөйлемнің
құрылымын кеңейтіп, толықтырып тұрады. Сонымен екіқұрамды сөй-
лемдердің үлгі-типтерін былайша көрсетуге болады: бастауыш-баян-